Механикалық қозғалыс


Траектория, жол ұзындығы, орын ауыстыру векторы



бет2/4
Дата10.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#91628
1   2   3   4
Байланысты:
Механикалы оз алыс

1.2 Траектория, жол ұзындығы, орын ауыстыру векторы
Берілген санақ жүйесінде қозғалыстағы дененің немесе материалдық нүктенің басып өткен нүктелерінің жиының траектория деп атайды. Траекторияның пішініне байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып бөлінеді.


1.2-сурет. Материалдық
нүкте қозғалысы

Материалдық нүктенің АВ қисық сызықты траекториясы бойымен өткен қозғалысын қарастырайық (1.2-сур.). Қисық сызықты АВ геометриялық нүктелер жиыны ∆S жол ұзындығы деп аталады. Бұл скаляр шама уақытқа тәуелді функция болады:
.
Нүктенің бастапқы А күйінен соңғы В күйіне жүргізілген векторы орын ауыстыру векторы деп аталады. Бұл шама ∆t уақыт ішінде радиус-вектордың өзгеруіне тең . Түзу сызықты қозғалыс кезінде орын ауыстыру векторы траекторияның сәйкес бөлігімен дәл келеді және орын ауыстыру векторының модулі жүрілген жол ұзындығына тең:

.(1.2)
1.3 Жылдамдық
Жылдамдық – нүктенің берілген уақыт мезетінде қозғалыс бағыты мен жол өзгерісін өзгерісін анықтайтын векторлық шама. Жылдамдықтың сан мәні бірлік уақыт ішінде жолдың өзгерісіне тең.
Нүктенің орташа жылдамдық векторы орын ауыстыру радиус-векторының уақыт өзгерісіне қатынасымен анықталады:
(1.3)
Лездік жылдамдық – қозғалыстағы нүктенің уақыт бойынша алыңған радиус-векторының бірінші туындысына тең векторлық шама:
. (1.4)
Жылдамдық векторының бағыты кез келген нүктеде траекториясына жүргізілген жанама бағытымен анықталады.Жылдамдық модулі мынадай өрнекпен анықталады:
(1.5) Бұл өрнектен жол ұзындығын анықтауға болады:
(1.6)
Бірқалыпты қозғалыс кезінде ( ) жолдың теңдеуі мына түрде жазылады:
. (1.7)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет