13. Өрістердің суперпозициясы Өрістердің супер позициясы – егер электростатикалық өрісте бірнеше нүктелік заряд берілсе, онда олардың бір нүктедегі қорытқы кернеулігі жеке зарядтардың сол нүктеде тудыратын кернеуліктерінің векторлық қосындысы болады және оны электр өрістерінің суперпозиция принципі деп атайды: E=E1+E2+E3+…+En 14. Диполь Диполь - бір-бірінен l қашықтықта орналасқан әр аттас зарядталған екі нүктелік зарядтардың жиынтығы диполь деп аталады. Зарядтар арқылы жүргізілген түзу - диполь осі деп аталады. Диполь осі бойынша теріс зарядтан оң зарядқа қарай бағытталған және зарядтардың арақашықтығы l-ге тең вектор диполь иіні деп аталады.
15. Диполь моменті Диполь моменті - оң заряд шамасының зарядтар ара қашықтығына көбейтіндісін және диполь иінінің бағытымен бағыттас векторды дипольдің электр моменті деп айтады: P=ql 18.03.2021 14:27:36 Электр және магнетизм негіздері. Кернеулік ағын -
E біртекті емес кез келген,Тұйық бетті тесіп өтсе,онда векторлық ағыны:
Ф=òsE dS Әртүрлі ортаның шекарасында және диэлектриктерде өтетін кернеулік векторының өзгерістері электр өрістерін есептеуде қиындықтар
туғызбас үшін электрлік ығысу векторы немесе электрлік индукция векторы деген шама енгізіледі, ол D әрпімен белгіленеді.
D=ee0E Электрлік ығысу векторының ағыны:
Ф=òsDndS (9.17)
2. Гаусс теоремасы - электр динамикасында — электр статикасының S тұйық бет арқылы өтетін электр индукциясының (D) сол бетті қамтитын көлем (V) ішіндегі зарядқа (Q) пропорционалдығын тұжырымдайтын негізгі теоремасы.