Механиканың физикалық негіздері



бет27/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Ìåõàíèêàíû? ôèçèêàëû? íåã³çäåð³ Ìåõàíèêà Ìåõàíèêà

12. Жұғылу
Жұғылу деп сұйықтың қатты дененің бетімен қосылыуындағы қисаю құбылысын айтамыз.
13. Кристалдық тор
Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады.
14. Аморфты
Аморфты — қасиеттері кристалды қалыпқа жетпеген қатты заттар (шыны, табиғи және жасанды полимерлер). Олардың физикалық қасиеттері әр түрлі бағытта бірдей болып келеді.
15. Иондық кристалдар
Иондық кристалдар оң және теріс зарядталған иондардан не катиондар мен аниондардан тұрады.
16. Атомдық кристалдар
Атомдық (гомополюстік) кристалдар да біркелкі атомдардан тұрады, алайда олардың бір-бірімен байланысы көршілес атомдарға ортақ электрондар есебінен жүзеге асады.
17. Металдық кристалдар
Металл кристалдары біркелкі атомдардан тұрады, Бұлардың химиялық байланыс күші сол атомдар аралығында еркін қозғалатын электрондар есебінен туындайды.
18. Молекулярлық кристалдар
Молекулалық кристалдар құрылымы сол молекулаларға сәйкес келетін бөлшектердің арнаулы топтары болуымен сипатталады; жекелеген молекулалар арасындағы байланыс күші оларға тон электр зарядының түрлі дәрежеде болуынан туындайды.
19. Кристалдардағы ақаулар
Кристалдар ақауы – кристалл торларының периодты атомдық құрылымынан ауытқуы. Кристалдағы ақаулар кристалдану процесі кезінде, жылулық және электрлік әсерлерден, сондай-ақ нейтрондармен, электрондармен, рентген сәулелерімен, ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру кезінде, реакциядан пайда болады.
20. Конденсация
Конденсация -заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан төменге карай ығысуынан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет