Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет17/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың 
формасын анықтау. Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не 
құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау. 
Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір-заттар мен құбылыстар туралы 
айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. Пікір 
құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді. 
Ой-тұжырымы деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан 
жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам 
ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді. Ойдан ой туады - деген 
пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы 
өрбіп отырған. Ой-тұжырымы “үш түрлі білімдерден немесе ойлардан құралады: бастама 
ой (посылка), яғни түйіннің (заключение) шығатын көзі, шығатын (туатын) ой (выводное 
знание), яғни бастама ойдан шығатын ойға өтудің мүмкіндігін көрсететін ой не білім” 
Ой-тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысын білдіреді. 
Қарапайым ой тұжырымының мысалы: “Адам ақылды жан. Сондықтан ол дүниені тани 
алады”. Таным және практика. 
Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы мағлұматтар 
алдық. Таным-адамның ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі. Өйткені көрсем, білсем 
деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз 
іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі, жетілген сайын ол таным көкжиегін 
кеңейте, ұлғайта береді. 
Флософияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 
әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. 
Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. 
Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық 
міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды. 
Білім беру сферасының болашақтағы алар орны мен атқарар қызметінің шексіз 
екендігі ол зандылық. Нақтырақ айтар болсақ болашақтағы әрбір адамның тұлғалық 
қасиетінің анықталуы, оның білімділігі, тапқырлығы, ақылдылығы, дүниеге деген 
көзқарасы мен адамгершілігі осы тиімді білім берудің негізінде сомдалады, демек 
қоғамның эконмикалық, руханилық потенциалы, жалпы тұтас өркениет осыған келіп 
тіреледі. Бүгінгі ХХ ғасырдағы туындап отырған ғаламдық тенденцияларды анализдеу 
өзекті және манызды мәселеге айналып, олардың болашақтағы адамзат өркениетінен келіп 
туындайтын алапат жағдайларына қарсы тұруға шақырады. Бұл жан айқай білім беру 
сферасынан тікелей орын алып, қоғамда, әлеуметтік ортада білім беру сферасын 
нақтылап, оның болашақтағы атқару қызметін айқындай түседі. 
Тұлғаның және барлық адамзат қауымдастығының рухани дүниесінің, адамгершілік 
құндылықтарының қалыптасуына тікелей байланысы бар біршама технологиялық 
сфераларды бір арнаға түсіруге тура келеді, дегенмен білім беру сферасы өзінің басты 
интегративтік қызметін, яғни рухани біртұтастық пен адамдардың бір бірін түсінудегі 


қабілеттерін әлі күнге дейін арттыра алмауда. Ол өзінің болашақтағы біршама манызды 
дүниелерді болжаудағы, мәдени білімділікті және діли ұқсастықты ұсынудағы міндетің 
атқаралмайынша өткір мәселелер өз шешімін таппай оның әртүрлі сфераларында сол 
күйінде қала бермек. 
ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың таң қалдырар айқын жетістіктерінің дәмін 
татқандар, білім беру сферасын әлемнің түкпір түкпіріне тез арада жеткізуге мүмкіндік 
тауып, технократтық бағыттағы білімге, тапқырлыққа және соған дағдылануға алып келді. 
Өзінің осы міндетін білім беру саласы мүмкіндігінше табысты атқаруда. Дәл осы бағытта 
ұстаздар өз мүмкіндігін көрсетуі тиіс, методикалық өнделген материалдар, әр түрлі жаңа 
компьютрлік құралдар мен ақпараттық техникалар және т.б. психологиялық оқытушылық 
позициялары әрдайым айтарлықтай анықталмаса да осы міндеттер ұстаздарға жүктелген. 
Адамдарды қоршаған материалдық және рухани дүниелердің тұтас бейнесі жас 
ұрпақтарды қалыптастыруда, олардың әрбірінің ұғыну қабілетіне тән тұтас адами 
қауымдастық, рухани, мәдени, ізгілік құндылықтарының ұрпақтан ұрпаққа берілуі, 
олардағы ұлттық және жалпы адамзаттық түсініктері, тәрбиелік, гуманитарлық білімдерде 
негізделіп жүзеге асуда. 
Білім берудің философиялық статусын анықтау өте қиынға соғады. Бүгінгі танда 
білім берудің философиялық статусын анықтауда үш негізгі тәсіл нақты түрде ұсынылып 
отыр. 
Олардың біріншісі, білім берудің философиясы деп, ерекше қолданбалы философия 
тұрғысында философияға қатысты білімдердің көп салаларының бірі ретінде таңыуы. Бұл 
тәсіл білім берудің статусымен және оның біршама тұтас бейнеде дамудағы 
зандылықтарын негіздеуде жалпы философиялық жағдайды пайдалану толықтай 
жеткілікті деп санап, осылайша білім берудің көп жоспарлы қызметтеріне жүйелі, 
мақсатты аспектлерін ұсынады. Осыдан келіп, білім берудің философиясы жалпы 
философиялық доктриналарды(позитивизм, антипозитивизм, эмпиризм, релятивизм, 
реализм, постмодернизм, экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, персонализм және 
т.б.) «айналып өтуге» тура келеді, немесе оқытушылықпен түйісуге алып 
келеді(оқытушылық методологиясымен), яғни олардың өзіндік болмысының ішкі мәніне 
үнілу арқасында. 
Білім 
берудің 
философиялық 
статусының 
екінші 
тәсілі, 
негізінен 
мобилизациялаудағы тәрбиелеу ресурстарын қорғауға, сақтауға бағытталып, оған қол 
сұғқандарға жол бермей дамуына шара жасап бағады. Білім берудің философиялық 
дамуының тұтастығына күмән туады, яғни оның жеке дара ғылым ретінде. Сондықтанда 
тәрбиелеу методологиясымен немесе жалпы тәрбие беру шенберінде философиялық 
негіздегі күрделі сұрақтарды шешу негізінен жеткілікті. 
Білім берудің философиялық статусының үшінші тәсілі алдынғы екеуінен түбірімен 
өзгешерек келеді. Оның негізінде –білім беру философиясының қалыптасуындағы 
дедуктивтік және индуктивтік логиканың үйлесімділігі пән аралық ғылым салаларының 
толықтырушысы ретінде орын алады. 
Әрине, жалпы философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру 
сферасының ерекше орын алуы мүмкіндік пен қажеттілікті тудырады. Сонымен қатар, 
плюралистік философиялық тәсіл қайда демократия және қызығушылық болса, сонда тек 
бір философиялық доктринаның жетегінде болуын қатан қадағалап жалғыз идеологиялық 
талаптармен тыйып отырады. Индуктивтік логика білім беру философиясының 
қалыптасуына толықтай ықпал етіп, білім берудің шенберін практикада ашып көрсету, 
жана идеялардың пайда болуына алып келеді және білім берудің философиялық мәніне 
назар аударып тіршілікке қолайландырады. Сонымен қатар логиканың дедуктивтік ойлау 
формасында теріске шығармайды. Білім берудің философиялық тұрғыдағы даму жолына 
осындай терен талдау жасау қажетті нәрсе болып танылады. 
Осылайша, білім берудің философиясы – қолданбалы философиядан өзгешелігін 
көрсетеді. Бұл ғылыми білімнің толықтай өз бетімен дамып отыратын арнасы болмақ, 


яғни астарында тек қаншалықты жалпы философиялық ілімдердің болуынан емес, оның 
барлық қызметтеріндегі білім беру сферасының дамуына объективтік зандылықтардың 
орын алуынан(яғни олар әрине бұны ескеруге тиісті). 
Ғылым ретінде білім берудің философиялық пәні болып мыналар, яғни білім беруге 
тікелей қатысы бар фундаенталдық негізгі функциялары мен білім берудің дамуын, пән 
аралық теорияларын, зандарын, зандылықтарын, категорияларын, ұғымдарын, 
терминдерін, қағидалрын, постулаттарын, ережелерін, методттарын, гипотездерін, 
идеялары мен фактлерін жатқызуға болады. 
Білім берудің құндылық сипаттарын бір бірімен байланыстағы үш негізде ұсынуға 
болады: білім беру бұл мемлекеттік құндылық ретінде; білім беру бұл қоғамқұндылығы 
ретінде; білім беру бұл тұлға құндылығы ретінде. 
Қоғам мен мемлекет ұғымдары бір біріне ұқсас емес, ал олардың арасындағы өзара 
қатынастар өте күрделі болып келеді. Білім берудің дамуы барысында мемлекет пен қоғам 
ұмтылыстары әрдайым сәйкес келебермейді. Мемлекет аясында білім берудін беделі алда 
тұрғанымен, яғни қоғам денгейінде де, мемлекет амалсыздықтан берген уәдесін 
орындағандай білім берудің даму қарқынына ат салысады. Қоғамның шындалуының 
анықталу мәні, білім берудің беделінің мемлекеттік сатыдан қаншалықты көрінуінен. 
Білім берудің қоғамдық мемлекеттік мәнінің анықталуы барлығының белсенді түрде 
ұжымдасып әрекет етуіне тәуелді емес, олар ең басты — білім берудің тұлғалық 
құндылығын, яғни жеке өзінің біліміне бағытталған адамдар қатынасындағы 
талпыныстары мен индивидуальдық мотивтеріне түрткі болалмайды. Шектен шыққан кез 
келген көзқарастар анық тиімді шешімдерді тудыруға дәрменсіз. Олардың пайдадан көрі 
зиянды көбірек әкелуі таң қалдырмайды.
Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған 
сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді. 
Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің 
құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін 
арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді. 
Ғылыми - техникалық революция ұзақ процесс, оның ғылыми – техникалық, 
әлеуметтік алғышарттары бар. Ғылыми – техникалық революцияның пісіп – жетілуіне 
негіз болған бастау – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басындағы жаратылыстанудың 
жетістіктері. Солардың нәтижесінде материяның құрылымы туралы пікір өзгеріп, әлемнің 
жаңа үлгісі қалыптасты. Электрон, радиоактивтік құбылыс, рентген сәулелері, 
салыстырмалы теория мен кванттық теория ашылды. Микроәлемде, үлкен қозғалыстар 
мәселесінде түбегейлі өзгерістер болды. 
Техникада да ірі жаңалықтар дүниеге келіп, өндірісте және транспортта электр 
қуатын пайдалану бұл саланың дамуын жеделдетті. 
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, 
ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. 
Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың 
дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты. 
Ғылыми – техникалық революцияның қазіргі дамуының мынадай маңызды 
ерекшеліктері бар: 
1. ғылым тікелей өндірістік күшке айналды; 
2. ғылым қоғам дамуының негізгі факторы ретінде жаңа еңбек бөлісінің 
қалыптасуына ықпал етті; 
3. өндірістік күштердің барлық элементтері – еңбек нысаны, өндіріс құралы және 
жұмысшының өзі де үлкен сапалық өзгерістерге ұшырады; 
4. еңбектің сипаты мен мағынасы өзгерді, онда шығармашылық бастаудың маңызы 
жоғарылады; 
5. қарапайым қол еңбегі механикаландырылған басқарумен алмастырылды; 
6. жаңа энергия көздері мен жасанды материалдар пайда болды; 


7. бұқаралық коммуникация үлкен көлемде дамып, ақпараттық іс - әрекеттің 
әлеуметтік және экономикалық маңызы артты; 
8. халықтың жалпы және арнайы білімі мен мәдениеттің деңгейі өсті; 
9. бос уақыт көбейді; 
10. ғылымдардың өзара байланысы көбейді, күрделі мәселелердің кешенді зерттелуі 
және әлеуметтік ғылымдардың рөлі арта түсті. 
Қазіргі қоғамда ғылыми – ақпараттық технологиялар өмірге жан – жақты еніп, 
энергетикалық, шикізаттық, транспорттық және басқа да шығындардың редукциясы 
ұдайы болып отырады. 
Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қатынас өзгеріске ұшырады. Білімді өндіру үлкен 
қарқынға ие болды. Қазір кім ақпаратты тез алып, оны уақытында пайдаланады, сол 
әлемді билейді. 
Ғылым мен техниканың дамуы бұрын – соңды болмаған жаңа қайшылықтарды 
туындатады. Оның әлеуметтік салдары бүкіл адам баласының тағдыры үшін қауіпті. Рим 
клубының ұйымдастырушыларының бірі. А.Печчеи техниканың басқаруға мүмкін емес 
анархиялық факторға айналғанын көрсетеді. Адамдардың теориялық білімдерінің 
аясынын кеңігендігі соншалықты лазер, антиматерия, голография, жоғары өткізгіштік 
сияқты құбылыстар пайда болады. Осы жағдай оның ролін мүлдем өзгертті. Өзі тудырған 
жағдайды басқарып, оны керек бағытқа бұрып отыру қажет. Яғни, адамның әлеуметтік 
жауапкершілігі жоғарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет