Международный универстет астана



бет34/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58
1.6. № 6 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

Тақырып: Кәсіптік білім берудегі ойын технологиясын пайдалану ерекшеліктері

Мақсаты: Ойын технологиясын танысып, кәсіптік білім беру жүйесінде пайдалану ерекшеліктерін зерттеу.

Тапсырма:

1 Ойын технолгиясын пайдалану ерекшеліктерімен танысу

2 Ойын технолгиясының маңызды функцияларын тоқталау

Қысқаша теориялық мәліметтер

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсатты оқытудың басты мақсатымен үндес – оқушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.

Ісерлік ойындар дегеніміз болшақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу елестету.

Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: рольдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.

Ойын технологиясының артықшылықтары:

- оқу процесін жандандыру және қарқындандыру;

- кәсіби қызметтің нақты жағдайларын модельдейтін жағдайларда білім алушылардың ұжымдық шешімдерін қабылдау рәсімдері, тұлғааралық қатынастарды қайта құру;

- оқытудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерінің икемді үйлесімі: репродуктивтіліктен проблемалыққа дейін;

- кәсіби қызметтің кез келген түрін модельдеу;

- оқушылардың шығармашылық өзін-өзі дамыту





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет