«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу



бет130/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу


Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатынконтейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.


  • 3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатыладыдеп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.


  • Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.


  • Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.


  • Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:


  • нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;


  • ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.


  • Науқас қолғапты шешіпконтейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.


  • Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).




Ескерту:
  • тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;


  • клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет