«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет51/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Ескерту:
Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.
Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.
  • қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.


  • артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;


  • артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.





Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу


Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.


  • Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.


  • Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.


  • Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын алыңыз


  • Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.


  • Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.


  • Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.


  • Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз.


  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.




Ескерту:
  • дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;


  • 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);


  • дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;


  • тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынасында;


  • дене температурасы 10С жоғарылағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиіленеді;


  • Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.


  • Тахипноэ – 1 минутта 20-дан көбірек жиілік, жиі дем алу жиіленеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет