«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Мақсаты: науқасты тамақтандыру. Қолдану көрсетілімдері



бет57/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-450С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақпен қысқышты, жабысқыш пластырьді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.


  • 35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.


  • Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  • Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.


  • Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.


  • Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.


  • Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.


  • Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.


  • Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


  • Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.


  • Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).


  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Гастростоманы күту


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет