«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет62/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

АЯҚҚА ҚЫША ВАННАСЫН ЖАСАУ


Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.


Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).


Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.


  • Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.


  • Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.


  • Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып,табаныныңтерісі қызығанға дейін салыңыз.


  • Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.


  • Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз(қымтаңыз).





Ыстық ылғалды компресті қою


Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз:ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.


  • Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.


  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  • 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.


  • Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.


  • Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.


  • Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).


  • Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.


  • Науқасты жылы жабыңыз.


  • Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет