«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет109/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Қуықты жуу


Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.
Дайындаңыз:науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.


  • Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.


  • Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).


  • Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).


  • Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).


  • 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.


  • Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.


  • Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.


  • Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.


  • Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.


  • Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


  • Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.




Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет