«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі



бет143/158
Дата14.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#114423
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   158
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технология

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

  • Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.


  • Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.


  • Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.




Науқасты ирригоскопияға дайындау
Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.
Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінің өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t36-370С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).
Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.


Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.


  • Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  • Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.


  • Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.


  • Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.


  • Күндізгісағ.12-де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.


  • 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.


  • Кешке зерттеу қарсаңында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.


  • Тәнертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.


  • Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.


  • Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп апарыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет