«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды



бет96/157
Дата13.03.2023
өлшемі351,98 Kb.
#73913
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды
жұлынды (люмбальды) ТЕСУГЕ дайындау


Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).
Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 5 мл, 10 мл, 20 мл шприцтерді инелерімен, тесуге арналған мандрені баринені, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Асептика ережесін қатал жағдайда сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.

  3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

  4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

  5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.

  6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз,қолғапты киіңіз.

  8. Тесетін жердің терісін 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін тері антисептигімен, ал сосын иодпен тазартыңыз.

  9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыруды) жүргізу үшін 0,5 новокаин ерітіндісін шприцке сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.

  10. 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.

  11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.

  12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

  13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

  14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

  15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

  16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

  17. Науқастың хал-жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.

  18. Қолғапты шешіңіз.

  19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет