«Денсаулық жеке тұлғаның қоршаған ортамен бейімделу арқылы жеткен үйлесімі». Мейірбикелік іс-қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар мәселелерді шешуге бағытталған ғылым мен өнер іспеттес. Адам – өзін - өзі тәртіпке салатын біртұтас жүйе. Физиологиялық,психологиялық және әлеуметтік сонымен қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен оның өсіп дамуы , қоршаған ортамен қосылуымен анықталады.
Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал тигізетін жандар –мейірбике. Мейірбике ісінің философиясы жалпы философияның бір бөлігі іспеттес. Мейірбике, емделуші, қоғам және қоршаған орта арасындағы қарым – қатынастарға көзқарас жүйесін осы мейірбикелік философияда қарастыруға болады. Философияның негізгі көзі – адам. Мейірбикелік іс дәстүр негізінде құралған. Мейірбике ісінің негізгі философиясы – өмірді, адамның құқығы мен абыройын сақтау, оны сыйлау. Біз адамзат баласы өміріміздің әр сиының қажеттіліктеріне сенеміз. Сол себепті әр адам физикалық, философиялық, әлеуметтік және психологиялық сонымен қатар рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз.
Медицина саласында ерліктердің көпшілігін мейірбикелер жасайды десек те артық айтпаймыз. «Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман. Мейірбике-емделушіге толық күтімді қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді. Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты істі атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: яғни қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді. Бұл медбике мамандығына берілген құрғақ қана анықтама. Қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, медбикелер атқаратын жұмысы асқан жауапкершілікті қажет етеді. Атқарылатын жұмыстары орасан зор болғанымен мейірбикелердің науқастармен қарым – қатынасын және науқасқа көрсетілетін күтімнің түрлерін де ерекше атап өткеніміз жөн болар. Күтім қажеттіліктері адам өмірге шыр етіп келген сәттен бастап өмірінің соныңа дейін қажет ететін дүние. Мейірбикелер науқастарға барынша көмек көрсетіп, адами құндылықтарын, қасиеттерін ескере отырып оларға рухани тұрғыдан да көмек көрсетуге тырысады. Арине, барлығы да оңай емес! Десекте мейірбикелік маманның барлық мамандықтар сияқты қоғам алдындағы этикалық міндеттері болады. Сондай – ақ қоғамның да маман алдындағы өз міндеттері де негізделген. Демек, дәрігер науқасты емдесе, ал мейірбике науқасқа күтім жасайды. Мейірбикелер өзінің кәсіптік іс –әрекеттерінің негізгі қалаушы ретінде кез келген жағдайда емделушінің көңілініен шығып, үздіксіз прогресті қолдап отырады. Медицина қызметкерлерінен ерекше сезімталдық, ықыластық, ақ пейілділік, мейірімділік талап етіледі.Осы орайда науқаспен қары – қатынас жасауда ерекше орынға ие. Науқасқа көбірек көңіл бөлу,оны қиын сәттерде сабырландыра білу, тәртіпті сақтаудың, дәрілердің үнемі қабылдап тұрудың қажеттіліктерін ұғындыра білу, оның сырқатынан айығып кетуіне барынша сендіру, оған үміт отын сыйлау болып табылады. Сонымен қоса ең маңыздысы науқасқа өз диагнозын айтпаудыды ескере кеткен жөн.
Медициналық қызметкерлердің күш жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Осы ретте «мейірбике мен науқас арасындағы карым қатынас», «мейірбике мен қоғам арасындағы қарым қатынас», «мейірбике мен науқастың туыстарының арасындағы қарым қатыныас», «мейірбике мен «әріптестер арасындағы қарым қатынас» жөніндегі деонтологиялық тұрғыдан да қараған жөн. Яғни, деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы жүзеге асыру үшін парыз сезімі, өз мамандығына деген жауапкершілік пен бейімділікті жатқызамыз. Мейірбикелік деонтология — медицина қызметкерлерінің кәсіби тәртібі, қоғам мен науқас алдындағы парызы.
Медицина қызметкерлерінің ең қымбат дүниесі - науқас денсаулығы, өмірі, жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. «Медицина мейірбикесінің қабілеттілігін, оның атқаратын қызметін В.Хандерсонның: «Мейірбике аяғы жоқтың – аяғы, көзі көрмей қалғанның –көзі, әлсіздерге – сүйеніш, сөйлей алмайтындарға – ауыз», - деген сөзінен айқын байқауға болады.
Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс барысында уақытының көп бөлігін науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл - күйін, қорқыныш сезімін, жасалынып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Мейірбикелер – денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды құрамдас бір бөлігі.Олар өздерінің күнделікті тәжірибесінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, мейірбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау саласында өз үлестерін қосуда.