Дәрілік заттарды энтеральді қолдану тәсілдері
Ішке дәрілер ауыз арқылы, тік ішекке және тіл астына енгізіледі. Бұл тәсілдердің көмегімен жергілікті, резорбтивті дәне рефлекторлы әсер беруге болады.
Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгізу қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы оның қарапайымдығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енгізуге болатындығында. Оның кешміліктері:
Дәрінің жалпы қан айналымына баяу түсуі (асқазанның толуына, қабылданған ас сапасына, дәрілердің сіңірілу қабілетіне байланысты). Асқазаның шырышты қабаты арқылы сіңірілу де баяу жүреді, тек майға еритін заттар ғана сіңіріледі, және сіңірілу үрдісі негізінде ішекте өтеді. Бірақ дәрілік заттардың қанға баяу түсуі әрқашан кемшілік болып табылмайды. Мысалы, ішке бір рет қабылдағаннан кейін жалпы қан айналымына ұзақ уақыт түсуі үшін арнайы жасалынатын дәрілік формалар болады.
Тамақтық заттармен өзара әрекеттесуінің және бауырдағы химиялық өзгерістердің нәтижесінде асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілердің ыдырауға дейін өзгеруі (адсорбция, еру, химиялық реакциялар). Бұл барлық дәрілер үшін дұрыс бола бермейді. Мысалы, гипотензивті препарат эналаприл (ренитек) әсер ету үшін алдымен бауырда өзінің белсенді түріне (эналаприлат) ауыстыру керек.
Заттың сіңірілу жылдамдығының және сіңірілген мөлшерінің белгісіз болуының себебінен дәрінің қандағы және тіндердегі мөлшерін анық білуге мүмкіндік жоқ. Бұл теріс әсерді азайту үшін дәрілерді ас алдында қабылдайды (асқазанның шырышты қабатын тітіркендіретін дәрілерден басқаларын), капсулаға салу арқылы асқазан сөлінің әсерінен қорғайды, он екі елі ішекке зонд арқылы енгізеді.
Асқазан-ішек жолдары мен бауырдың аурулары дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығы мен толық -тығына ерекше өзгерістер енгізеді.
Ауыз арқылы дәрілер ұнтақ, таблетка, пилюля, ерітінді, тұнба (сулы және спиртті), қайнатпа, экстрактар, микстуралар (қоспалар) түрінде енгізіледі.
Ұнтақты мейірбике тілдің түбіріне төгеді де су ішкізеді. Таблетка мен пилюля да науқас солай қабылдайды. Балалар таблетканы немесе ұнтақты іше алмау мүмкін, сондықтан оларды суға езіп береді.
Ерітінділері, сулы тұнбалар мен микстураларды үлкен адамдар ас қасықпен (15г), балалар шай қасықпен (5г) немесе орташа қасықпен (7,5г) ішеді. Бұл үшін сәйкес бөлімдері бар мензурканы пайдалану ұсынылады. Жағымсыз иісті сұйық дәрілерді сумен ішеді.
Спиртті тұнбалар мен кебір ерітінділері науқастар тамшы түрінде қабылдайды. Тамшының қажетті мөлшерін пипеткамен немесе арнайы лайықталған флакон болса флаконнан санап құйған жөн. Қабылдар алдында тамшыларды аздаған суда ерітеді де сумен ішеді. Егер тамшыны санағанда қате кетсе, дәріні төгіп тастап (флаконға емес), мензурканы шайып, тамшының қажетті мөлшерін қайтадан тамызу керек. Есептеу үшін 1г суда 20 тамшы, 1г шыны с – 65 тамшы, 1г эфирге – 85 тамшы болатынын білу керек.
Дәрілерді тік ішекке енгізудің мынандай артықшылары бар:
Тез сіңірілу және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы.
Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальді көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі.
Бұл тәсіл құсудың болуынан, өңештің тарылуының, жұтынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық науқастарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу қозумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.
Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тәсілдің артықшылығы ғана болып қоймай, оның кемшілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахарадтік құрамды дәрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің қабырғасы арқылы өте алмайды, және олар жергілікті әсер ету мақсатында қолданылуы мүмкін.
Тік ішекке енгізу үшін балауыздар мен дәрілік клизмалар қолданылады. Дәрінің ерітіндісін 50-200 мл мөлшерінде алдын-ала тазалау клизмасымен босатылған тік ішекке 7-8 см тереңдікке енгізеді. Балауыздарды майлы негізде дайындайды, ұзартылған конус пішініне келтіреді де балауыз қағазға орайды. Оларды тоңазытқышта сақтаған жөн. Кіргізер алдында балауыздың үшкірленген жағын қағаздан шығарады да қабы қолда қалатындай етіп тік ішекке енгізеді.
Дәріні тіл астына салғанда тез сіңіріледі, асқорытатын ферменттермен бұзылмайды және бауырға соқпай жалпы қан айналу шеңберіне түседі. Бірақ мұндай тәсілді тек аздаған мөлшерде қолданылатын дәрілерді енгізу үшін пайдалануға болады (нитроглицерин, кейбір гормондар).
Достарыңызбен бөлісу: |