37. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (колоноскопияға)дайындау және мақсаты. Колоноскопия – тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу.
Колоноскопия мақсаты : тоқ ішек жоғары орналасқан бөліктерін көзбен қарап зерттеу.
Керек құрал – жабдық : стерильденген колоноскоп.
Пациентті даярлау керек.
1 . Пациентке психологиялық дайындық жүргізу.
2 . Колоноскопты жұмысқа дайындау.
3 . Пациенттің 3-5 күн бойы №4 емдәмді ұстауын қадағалау керек. Ол үшін :
- Зерттеуге 2 күн қалғанда пациент іш жүргізетін дәрі қабылдауы қажет.
- Кешке, зерттеу қарсаңында және зерттеуге 2 сағат қалғанда жоғары тазарту клизмасын қояды : 3-4 литр жылы су , температурасы 18-20 градус .
4 . Зерттеуге 25-30 минут қалғанда атропин сульфатының 0,1% ерітіндісін 1 мл мөлшерде енгізу керек. Егер пациентті іш қатуы мазаласа, онда емдәм 5-7 күнге, іш жүргізетін дәрілер күніне 2 рет тағайындалады.
5 . Зерттеу өткізу кезінде дәрігерге көмектесу.
38. Пациентті қуықты зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (цистоскопия) дайындау және мақсаты. Цистоскопия – қуық қуысын эндоскопиялық зерттеу. Зерттеу урологиялық креслода жатқан күйде өткізіледі.
Цистоскопия мақсаты: диагностикалық және емдік қуықтың зарарсыз ісіктері мен полиптерін жою, тастарды ұсақтау.
Керек құрал-жабдық: стерильденген цистоскоп.
Емшараға дайындау:
- Пациентті зерттеуге дайындыққа үйрету. Емшара мақсаты иен барысы жайлы айту.
- Таңертең зерттеу қарсаңында тазарту клизмасын қою.
- Зерттеу алдында қуықты босату.
- Зерттеу күні ашқарынға эндоскопиялық кабинетке келу.
Емшараны орындау:
- Зерттеу гинекологиялық креслода жатқан күйде өткізіледі.
- Ерлерге цистоскопты енгізер алдында несеп жолын анестезиялау.
- Цистоскопты стерильденген глицеринмен жуып, несеп жолына енгізеді.
- Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмектеседі.
Емшараны аяқтау:
- Зерттеуден кейін пациент бірнеше сағат төсекте жатуы керек.
- Аспаптарды, қолғаптарды заласыздандыру, содан соң стерильдеу.