Пациентті көтеру. Көтеруді бастау үшін: • мейірбикенің аяғы еденде тұрақты екеніне көз жету;
• пациентті ұстау үшін ең жақсы тәсілді таңдау;
• пациентке неғурлым жақындау;
• арқасын тік ұстау;
• бригадамен пациенттің бір ырғақта жұмыс істеуіне көз жету.
Пациентті бір немесе екі, көп қатысушы адамдармен ұстау, көтеру, ауыстыру Ұстау. • оң жақ білезікпен көмекшінің оң білегін қапсыра құшақтап алыңыз- ол білектік жекеше ұстау, немесе
7.8-сүрет: пациентті ұстау әдістері
• оң білезікпен бір бірін ұстау- ол білектік қосымша ұстау, немесе
• бір- бірінңің оң жақ қолдарынды ұстандар, немесе
• 1-4-ші оң жақ қолының саусақтарын ұстаныз.
Пациентті қолмен ұстау
(бір мейірбикемен орындалады).
Қолдануы:қозғалуға қабілеті бар пациентті орындықтын арқасына қарай ауыстыру және қолдау.
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу
2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.
3. Пациентке қолдарын айқастырып кеудесіне қысуға сұрау.
4. Пациентің артына тұру.(жоғарғы сүретке қараңыз)
5. Мейірбике пациентті екі қолымен ұстап, креслоға немесе орындыққа ауыстырады.
Пациентті көтерілген шынтақпен ұстау. (бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі)
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу
2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.
3. Отырған пациенттің бір жақ қырынан тұрып, бір аяғын орындықтын қасына, екінші аяғын пациенттің аяғының қасына қойып тізесін тіреу керек.
4. Өзіңіздің салмағыныз жеңіл екеніне және ыңғайлы тұрғаңызға көз жеткізу.
5. Пациентке көмектесуді түсіндіріңіз.
6. Пациенттің арқасынан сәл еңкейіп, шынтақты мықтап ұстаңыз( сүретке қараңыз).
Пациентті қолтықпен ұстау (бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі).
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу
2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.
3. Отырған пациенттің бір жақ қырынан тұрып, бір аяғын орындықтын қасына, екінші аяғын пациенттің аяғының қасына қойып тізесін тіреу керек.
4. Пациенттің қолтығының астына білекті жіберіп ұстаныз.
7.9-сүрет:пациенттің шынтағынан, қолтығынан, белінен ұстау әдістері
5. Өзіңіздің салмағыныз жеңіл екеніне және ыңғайлы тұрғаңызға көз жеткізу. Пациентке алдына қарай сәл еңкейіп иығын мейірбикенің денесіне тіреуін сұрау.