Диспансеризация
585 Науқас 45 жаста,1 күн бұрын «Асқазанның ойық жара ауруы өршуі» диагнозымен терапия бөлімшесіне жатқызылған.Бүгін диетаны ұстамаудың салдарынан психика-эмоциялық күйзеліс негізінде әлсіздік,жүрек айну және «кофе қоюы» түріндегі құсу пайда болды.Обьективті тексеруде жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде.Тері жабындары бозарған,таза,ылғалды.Тынысы везикулалық,сырылдар жоқ,тыныс жиілігі-18 мин.Жүрек тондары анық,ырғақты,пульс 100 соғу/мин,толымы аз және кернеулі АҚ 100/60 мм сынап бағаны.Іші жұмсақ,эпигастрий аймағында ауырсынады.Мейірбикелік іс-шараның қазіргі мәселесіне өте төмен дәрежеде жататын мәселені таңдаңыз: Күрт әлсіздік
586 Науқас 29 жаста,гематалогия бөлімшесіне «Темір тапшылықты анемия,ауыр ауырлықты дәреже» диагнозымен түсті. Мейірбикелік тексеру кезінде көрнекті жалпы әлсіздікке, жылдам шаршағыштыққа, құлағындағы шу ға, көз алдының жарқырауына болмашы физикалық күш түскенде болатын ентікпеге,тахикардияға,тәбетінің болмауына және бор,әк жегісі келетін дәмнің өзгеруіне шағымданады. Мейірбикемен сөйлесу кезінде науқас ашуланшақ, енжар, ауық-ауық не сөйлеп жатқанын ұмытып қалады.Өмір анамнезі мәліметтері бойынша анықталды: Менархе 12 жаста,етеккірі жүйелі,көп келеді,ұзақтығы 7-10 күн,етеккір циклы 28 күн. Мейірбикелік іс-шараның қысқа мерзімдік мақсатын таңдаңыз: 1 апта бойы тәбетін күшейту
587 Әйел адам 38 жаста,анамнезінен 5-6 сағат ішінде жағдайы нашарлаған,таяу күндері қонақта көкөніс және етті өнімдері бар салаттарды пайдалану мен байланыстырады. Жіті энтеральді улану кезінде асқазанды зондпен мөлшерден тыс таза сумен шаю, қандай жағдайға алып келеді? Гипергидратацияға,бас мидың ісінуіне
589 Науқас 48 жаста,терапия бөлімшесіне буын синдромына шағымданып түсті,тексерген кезде жалпы жағдайы орташа,ауырлықты дәрежеде,тері жабындары таза,ылғалды,тізе,шынтақ және білезік буындары ісінген,ауырсынады,ұстағанда ыстық,терісі гиперемиялық,буындардағы қозғалысы шектелген,тыныс жиілігі минутына 16 рет,ЖЖЖ-94 соғу/мин,АҚ-115/75 мм сынап бағаны.Пальпацияда іші жұмсақ ауырмайды,бауыры қабырға доғасынан шықпаған.Мейірбикелік іс-шараның қысқа мерзімдік мақсатын таңдаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |