«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ



бет33/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.
Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.
Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.
Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.
Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.
Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.
Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.
Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.
Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі


Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлы эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.
Дайындаңыз: арнайы киімді пайдаланған судноны, зәр қабылдағышты, астына салатын клеенканы, ҚР рұқсат етілген зарарсыздандыру затын, зарарсыздандыруға арналған қақпағы бар ыдысты (ыдыс пен қақпаққа таңба салынған), қолды өңдеуге арналған сабынды, тері антисептигін.
Міндетті жағдай: судно және зәр қабылдағыш тура қолданып болған соң зарарсыздандырылады.


Іс-әрекет алгоритмі:
Қорғаныш арнайы киімді киіңіз (халат, суға төзімді алжапқышты, дем пердесін).
Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.
Зарарсыздандыру үшін қақпағы тығыз жанасып жататын және таңба салынған ыдысты дайындаңыз, оның дұрыс таңбаланғанына көзіңізді жеткізіңіз: атын, ерітіндінің қоюлығын, қодану мақсатын оқыңыз.
Қажетті қоюлықтағы зарарсыздандыру ерітіндісін ыдысқа құйыңыз.
Ыдыстың таңба салатын клеенкасына даярлаған ерітіндінің атын, қоюлығын, күнін, даярлау уақытын, даярлаған адамның аты-жөнін көрсетіңіз (Зарарсыздандыру ерітіндісін даярлау бойынша жұмыс сапасын бағалау және бұйрықты регламенттейтін талаптарды орындауын бақылау үшін).
Судноның, зәр қабылдағыштың ішіндегі затты унитазға төгіңіз, ыстық сумен шайқаңыз.
Судноны, зәр қабылдағышты қолданып және тазартып болған соң бірден зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, ерітінді заттан 5-10 см жоғары көтерілуі қажет (заттардың бетімен тұп-тура жанасуын қамтамасыз ету үшін).
Алжапқышты, қолғапты шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Күтім заттарын тиісті зарарсыздандыру ерітіндісін қолдану бойынша нұсқауға сәйкесті ұстаңыз.
Таза қолғапты, алжапқышты киіңіз.
Судноны және зәр қабылдағышты ағынды ыстық судың астында шайқаңыз.
Арнайы таңбаланған стеллажда кептіріңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз.
Арнайы киімді шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет