Мәтінмен жұмыс жүргізеді.Мәтіндегі негізгі мәлімметтерлі түртіп алады.
ЕББҚ: оқушы тәуелсіздік тарихын жазбаша түрде орындайды.
Тақырып бойынша әңгіме құрастырады
«Ең ұтымды жауап»
Үздік жауап
Сабақтың соңы
Сүйіспеншілік жаттығуы Баланың бақыты үшін не керек деген сұраққа ойларыңызды жазып жасыл жапыраққа , ал бақытты балалық шақты бұзатын жағдайларды жазып сары жапыраққа жазып ағаш діңгегіне ілеміз .Әрбір отбасы өрен жайған ағаш діңгегі сол ағаш діңгегі секілді тамырымыз тереңге тартып бақытты балалық шағымыз көп болсын !
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
конспект
1 бап: «Бала» жайлы анықтама
18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады
2 бап: Кемсітушілікті болдырмау Әрбір бала нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан барлық құқыққа бірдей ие. Бірде-бір бала әділетсіздікке ұшырамауы керек. Бұған ешқандай себеп жоқ.
3 бап: Баланың мүдделерін қорғау Шешім қабылдау барысында ересектер алдымен бұл шешімдердің балаларға қалай әсер ететіндігі жайлы ойлануы керек. Ересектердің барлық әрекеті балалардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Үкметтер бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.
4 бап: Құқықтарды іске асыру Үкіметтер елдегі әрбір бала Конвенцияда бекітілген құқықтарды пайдалана алуы үшін барынша жағдай жасауы қажет.