Мекентас Мырзахметұлы 9 мамыр 1930 жылы, ОҚО, Түлкібас ауданы, Майтөбеде туған) — Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбектері
Мекемтас Мырзахметұлының зерттеу Абайдың ақындық зертханасының жайы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері, Абай мұрасының шығыспен байланысы 1965 жылдан бастап терең зерттеле бастады. Абай мұрасындағы мораль философиясының негіздері оның исламға, адамгершілік мұраттарына қатысты зерттеліп ашылды. Мырзахметұлы кеңестік кезеңде-ақ патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты негіздерін әшкерелеп (“Қазақ қалай орыстандырылды”, 1993)‚ қазақ жеріндегі топонимдер мен антропонимдердің саяси-әлеуметтік сырларын ашып, қоғамдық ой-санаға ықпал етті.
Шығармалары
«Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш» (1965),
«Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары (1982),
«Абай жүрген ізбенен» (1985),
«Абайтану. Библиографиялық көрсеткіш» (1988),
«Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993),
«Абайтану тарихы» (1994),
«Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1994),
«Абай және Шығыс» (1995),
«Әуезов және Абай (1996),
«Түркістанда туған ойлар» (1998),
«Түркістан, Тараз арасы...» (2002),
т.б. монографиялар, кітаптардың («Абайды оқы, таңырқа», 1993; «Абайтану дәрістері», 1994; «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Абайды білмек парыз, ойлы жасқа», 1997;
Абай жайлы
Бұған биыл 90 жасқа толатын белгілі абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовтің «Қазақ қалай орыстандырылды» зерттеу еңбегінен жауап табамыз. Мырзахметұлы кеңестік кезеңде-ақ, 90-шы жылдардың басында патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты негіздерін түбірімен қозғап қазақ жеріндегі топонимдер мен антропонимдердің саяси-әлеуметтік сырларын ашып, қоғамдық ой-санаға ықпал еткені аян.