Мектебі Кафедра: Химия есеп



бет5/5
Дата16.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#93397
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ìåêòåá³ Êàôåäðà Õèìèÿ åñåï

МІНЕЗДЕМЕ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғарғы мектебі факультетінің 6В01507 «Химия-Биология» мамандығының күндізгі оқу түрінде оқитын 2 курс студенті Каухар Лаура Жамбылқызы Өскемен қаласы ШҚО ББ «Ш.Құдайбергенов атындағы №1 орта мектебі» КММ-де ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралықтарында психологиялық-педагогикалық іс-тәжірбиеден өткен болатын.


Іс-тәжірбиеден өтуге мен Сахариева Балнур Назымовна жетекшілік жасадым және білім алушыны 7 «А» сыныбына бекіттім. Білім алушы студент толықтай менің бақылауымда болды. Іс-тәжірбие кезінде Лаура өзінің ізденімпаз, алғыр, зерек және балаларды жақсы көретінін байқата алды. Жауапкершілігі, талабы жоғары бала. Балалармен де тез тіл табыса алды. Әрине, кейбір оқушылармен қиыншылықтар болды. Бірақ, ол қиыншылықтарды Лаура шеше алды. Сабақ үстінде барлық баланың мінез-құлықтарын, көңіл күйлерін бақылап үлгереді.
Жалпы айтқанда, Лаура мінезі ашық, үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Жасаған ісіне тиянақты, жауапкершілігі мол білім алушы. Сынды дұрыс қабылдап, жіберген кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Әрбір оқушыны сыйлай біледі. Тек сабаққа ғана емес, сондай-ақ мектеп шараларына да белсене араласып кетті. Лаураны болашақ мұғалім ретінде көре алдым.
Алар асуы, жетер жетістіктері көп болсын. Мен болашақта Лаурадан білікті де үлгілі маман шығатынына сенімдімін.
Психологиялық-педогогикалық іс-тәжірибесі өту кезінде орындаған жұмысының нәтижесі «______%» бағаланады.

Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша баға _____


Жетекші мұғалім: _________ Сахариева Б.Н


Мектеп директоры: __________ Сайлаубек Ә




«_____» 05. 2022ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет