Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІ ОРЫС
МЕКТЕБІНДЕ
Казахский язык и литература
в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ
2001 жылдың
қаңтар айынан
12/2015
ЖЕЛТОҚСАН
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА,
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА.
«Білім және
Ғылым»
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігінің
ай сайын
шығатын
республикалық
ғылыми -
педагогикалық
жұрналы
3
МАЗМҰНЫ
Ғылыми ойлар отауы
Н.ДҮЙСЕНБЕКОВА. Оқушылардың даму жетістіктері -
сындарлы оқытуды ұйымдастыру барысы
ең маңызды факторы..........................................3
А.САДЫҚОВА. Қазақ және орыс тілдеріндегі
айырмашылықтар және оларды салыстыра
оқытудың мемлекеттік тілде сөйлеуге
үйретудегі маңызы.............................................9
М.СҰЛТАНҒАЛИЕВА. Кәсіптік қазақ тілі:
оқытудағы өзекті мәселелер...........................15
Г.СМАҒҰЛОВА. Жаңа Қазақстандық патриотизм -
жастар жүрегінде............................................29
Тарихи тұлға тағылымы
Р.ТЕМІРОВА. Мағжан мен Елбасының жастарға
деген сенімділігінің сабақтастығы...............36
Абай Құнанбайұлының туғанына 170жыл!
А.ҚҰМАРОВА. «Жасаулы деп, малды деп
байдан алма...»...............................................39
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Г.ИСКАКОВА. Ғабит Мүсірепов. «Тимка - Димка»
әңгімесі................................................
.49
А.АСРЕПОВА. Ахмет Байтұрсынұлының И.А.Крыловтан
аударған «Аққу, шортан Һәм шаян»
мысалы............................................................52
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Р.ЖАҚСЫҒҰЛОВА . Отбасындағы әке мен баланың
қарым-қатынасы..........................................58
А.УТКЕЛЬБАЕВА. Ұлттық тағамдар..........................................82
Н.ТАСТАНБЕКОВА. Нәтиже сабақ................................................87
А. ДОБАРОВА. Көлік түрлері................................................89
Г.ТҰРСЫНОВА. Шай. Кофе ішу..............................................93
Л.УСЕНЖАНОВА. Қазақстан табиғаты......................................99
А.ҚҰМАРҒАЛИЕВА. Менің отбасы мүшелерім қай тілде
сөйлейді? Септік жалғауы.
Жіктік жалғауы...........................................101
Білім негізі - бастауышта
Г.МҰҚАНОВА. Сусындар....................................................104
Д.КӨПШІЛБАЕВА. Сүт тағамдары............................................108
Сайыс сабақ
А.МҰХАМЕДЬЯРОВА. Ана тілі - арың бұл!..................................114
Білім сынағында
Ш.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА. Диктант түрлері.......................................118
Сыныптан тыс шара
М.ӘБЖАНОВА. Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!.........125
Ғ.ЖАҚАЕВА. Достықты бағалай біл...........................130
Д.ЖАНАБЕКОВА. Мемлекеттік тіл.....................................136
Мұғалімдерге көмек
И.ҚАЗЫМБЕК. Даланың дара ұстазы..........................140
Н.ДҮЙСЕНБЕКОВА,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы
орта мектеп.
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАМУ
ЖЕТІСТІКТЕРІ - СЫНДАРЛЫ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
БАРЫСЫНДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ
ФАКТОРЫ
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары
деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру
әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті)
теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту
олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе
сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен,
оқулықтан және достарынан алған білімдерімен
өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген
тұжырымға негізделген. Сындарлы теорияның
тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын
білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді
меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен
өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра
бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс
арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған
4
5
өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол
себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу
жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған
механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді
емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады,
бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жәй ғана
жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң
немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады
және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді
терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты
білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға
ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын
талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған
тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп,
кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре
алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-
түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген
оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін,
оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту
мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін
ұғынуы, содай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты
өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін
жете түсінуі.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар
оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында
ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып,
белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін
өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының
өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай
отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс
туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу
мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-
құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы
белсенді түрде білім жинақтайды.
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді
түсіну «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер»
негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік
зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес
құратын белсенді білім алушылар болып табылады.
Әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі
заманғы маңызды түсіндірмелері «Диалог негізінде
оқыту және оқу» мен «Қалай оқу керектігін үйрету»
ретінде қолданылады. Себебі олар әлеуметтік-
сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.
Диалог негізінде білім беру мен білім алу
оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен
оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік
ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін
амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрету»
немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше
жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін
түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай
көмектесуге болатынын көрсетеді.
«Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші
«метатану» болып табылады. «Метатану» деп
6
7
индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау,
бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін айтамыз.
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана, түсініп
оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең
игеруге ықпал етеді.
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім
алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар
үдерістерге қолданылады (білу, түсіну, реттеу). Әдетте
мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы
болады. Ол жай оқушының мұғалімге тәуелділігін
көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық
кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды.
Метатану әдістерін меңгерген оқушылар білім беру
мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде
мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында
мұғалімнің функциясын өздері атқарады. Егер
оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп,
шын қажет болғанда ғана көмек сұраған жағдайда,
мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу үшін
оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге уақыт табады.
Сөз соңында айтатыным: Оқушылар алған
білімдерін мәңгі жадында сақтап, оны кез келген
жерде қолдана алса онда білім сапалы болады. Ал егер
алған білімдері механикалық түрде есте сақталып,
мән-мағынасы терең меңгерілмесе онда оқушы оны
өмірде пайдалана алмайды және ол білімдері керексіз
болып қала береді. Сондықтан жай ғана кәсіби
міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі
көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты
білім беруге ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін,
есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда
түсінемін».
Д ә с т ү р л і о қ ы т у
Мұғалімнің әдістері
Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді.
Мазмұнын айтып береді.
Тақырып туралы айтып береді.
Мінездеме береді.
Тақырыптың идеясын анықтайды.
Оқулық бойынша мұғалімнің
түсіндіргенімен
байланыстырып
айтады.
Көркемдік ерекшелігін мысалдар
арқылы түсіндіреді.
Негізгі сөздерді тауып, айтып
береді, дәптерлеріне жазады.
Тақырыпқа байланысты жаттығу
тапсырады.
Орындайды.
Сабақты
қорыту
сұрақтары
қойылады.
Жауап береді.
С ы н д а р л ы о қ ы т у
Мұғалімнің әдістері
Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды
Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа
қызықтырып
бағыттайды.
Мәтінмен өздері танысады
Тақырыптағы ең құнды нәрсені
анықтауды ұсынады.
Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді
зерттейді.
Негізгі ерекшеліктерін тануға
бағыттайды.
Жеке
талдайды,
қарайды,
салыстырады.
Ерекшелігі туралы сұрақ қояды.
Ізденеді, жауап береді.
Өз ойларын жазуды ұсынады.
Ойларын қорытып, оны қағаз
бетіне түсіреді.
Ойларын қорытуға бағыттайды.
Өз тұжырымдамасын жасайды.
Оқу дағдылары
Түсіну
Метатану
8
9
1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен
сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша
ізденеді, өз бетімен дайындалады.
2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына
еркіндік беріледі.
3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен
қарауға үйренеді.
4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын
қоса білуге үйренеді.
5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
7. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға
дағдыланады.
8. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады.
9. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
10. Жан дүниесін тәрбиелейді.
А.САДЫҚОВА,
№9 ЖББОМ.
Семей қаласы
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ САЛЫСТЫРА
ОҚЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТІЛДЕ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕГІ
МАҢЫЗЫ
(Жалғасы. Басы №11-санда)
Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші
етістіктер деген екі салаға бөлінеді. Бұлар бірде негізгі
сөз ретінде қолданылса, енді бірде көмекші сөз қызметін
атқарады. Орыс тілінде көмекші есімдер жоқ. Қазақ
тілінде көмекші сөздерге шылау (жалғаулық, септеулік,
демеулік), одағай, еліктеу сөздер, модаль сөздер, орыс
тілінде жалғаулықтар (союзы), септеуліктер (предлоги),
демеуліктер (частицы), одағай (междометие) жатады.
Олардың мағынасы әр түрлі амал-тәсілдер арқылы
беріледі. Орыс тілінде еліктеу сөздер одағай сөздермен
бірге қарастырылады. Ал, модаль сөздер орыс тілінде
ешқашанда сөз табына жатпайды. Шылаулардың
жазылу емлесі де, тыныс белгілері де грамматикамен
байланысты. Орыс мектебінде қазақ тілінің синтаксисі
де өтіледі. «Синтаксис қазақ тіл білімінің ең қиын
тарауы екені мәлім.» Синтаксистің басты объектісі
екеу. Бірі-сөз тіркесі, екіншісі-сөйлем. Сөйлемсіз ойды
жеткізу мүмкін емес. Ал, сөйлеу әрекеті сөйлемнен
тұрады. Адамның ең қысқа ойы да адамға сөйлем
арқылы жеткізіледі. Сондықтан оқушы өз ойын
АҚЫЛДЫҢ КЕНІ
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды, мәңгі бақи беріп төрін.
Сәбит Мұқанов.
Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой
мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Я.А.Коменский.
Жалғыз екенсің, артыңнан ерген ізбасарың жоқ екен,
онда құның шамалы, шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз
ағаш сияқты.
Ыбырай Жақаев.
10
11
жеткізу үшін сөйлемнің қалай құралатынын білу
керек. Ал, сөйлем сөз тіркестерінен тұратын болса, сөз
түрлендіруші қосымшалармен тікелей байланысты. Сөз
түрлендіруші қосымшалардың қолдану дағдысы тек сөз
тіркестерінде қалыптастырылады. Мысалы, “Азамат
мектепке жаяу келді” деген сөйлемді алар болсақ,
олар жеке-жеке “Азамат, мектеп, жаяу, келу” сияқты
сөздерден тұрады. Сондықтан оқушы өз ойын екінші
адамға дұрыс жеткізу үшін белгілі грамматикалық
ережелерді меңгеруі тиіс. Лексикалық тақырыптар мен
грамматикалық тақырыптардың келісті жұптастырылуы
көп нәтиже береді. Оқушының тілін дамыту лексикалық
және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды
сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз
тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып
табылады.
Синтаксисті оқытуда сөздердің сөйлемдегі орны
туралы анық мағлұмат беру өте қажет. Сөз тіркестерінде
сөздердің грамматикалық байланысуы қазақ тілінде
жалғау, шылау, орын тәртібі және интонация арқылы
жүзеге асады.
Орыс тілінде тек (род) категориясы, септік
жалғаулары, жекеше, көпше түрде бір-бірімен
байланысады (золотые часы, жастық шақ).
Сөйлемдердің айырмашылығы:
1. Орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің тәуелдік
жалғаулары арқылы байланысуы шектеулі. Мысалы,
отчий дом, лисья шуба.
2. Қазақ тілінде интонация арқылы байланысу
шектеулі.
Жай сөйлемдерді өткенде, екі тілде де сөйлем жай
сөйлем, құрмалас сөйлем болып жіктелетінін және де
құрылысы жағынан да бір құрамды, екі құрамды болып
келетініне тоқталып өтемін. Сөйлем мүшелерін өткенде
кездесетін кедергі-оқушылардың баяндауышты тек
етістіктен жасалады деп түсінуі. Сөйлем мүшелеріне
келсек, екі тілде де анықтауыштан басқа мүшелердің
қызметі бірдей. Ал анықтауышқа байланысты
айырмашылықтар бар.
Орыс тілінде анықтауыштың (согласованное
определение),
қиыспайтын
анықтауыш
(несогласованное определение), айқындауыш мүше
(приложение).
Орыс тілінде сөйлем баяндауыштан да бастала беруі
заңды құбылыс болса, қазақ тілінде бастауыш сөйлемнің
басында, баяндауыш соңында қолданылатын, әр сөйлем
мүшесінің сөйлемде тұрақты орын болатынын оқушы
білумен бірге, сөйлемдерді сол заңдылыққа қарай құрай
білу дағдысын игереді. Сол сияқты сөйлемнің түрлерін
білгізумен бірге, оларды сөйлемде қолдану дағдысы
да тілді оқу кезінде қалыптастырылады. Сонымен,
қазақ тілінің грамматикасын оқытуда, ол екінші тіл
болғандықтан, практикалық бағыт басым болады.
Грамматикалық мәліметтің бәрін сөйлеуде дұрыс
қолдануға үйрету керек. Ұлт мектебінде грамматиканы
оқыту дұрыс сөйлеу үшін ғана емес, ол ойын қазақша
дұрыс жаза білуде де қажет. Сондықтан оқушының
қазақша тілі ауызша да, жазбаша да дамуы міндетті
болып саналады. Грамматиканы оқытудың осы мақсатқа
жетуде атқаратын қызметі бар. Жазу көпшілік жағдайда
грамматикаға негізделеді. Ф.Оразбаева жазылым әрекеті
ұғымның түсіндіруде оның әдістемелік ерекшелігіне
тоқтала келе, былайша түйіндеген “Жазылымның
әдістемелік ерекшелігі-графика мен орфографияны,
12
13
жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің
амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу,
оқыту”.
Сонымен бірге Ф.Оразбаева қазақ тілін сауатты
үйрету үшін, оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын
дұрыс жоспарлау маңыздылығына ерекше мән береді.
Профессор Н.Оралбаева айтқандай, жаттығулар
жеңілден басталып, бірте-бірте күрделенуі тиіс.
Мысалы, қазақ жазуының емлесі көбіне морфологиялық
принципке негізделген. Ол принцип бойынша сөздің
түбірі сақталып жазылады. Бұл түбір морфеманы,
сөз құрамын білуді қажет етеді, ал ол-сөзжасам,
орфография, грамматиканың мәселесі.
Әр түрлі тапсырмалар арқылы бірыңғай ұлттық
тестке дайындау кезінде 11-сынып оқушылары екі
тілдегі айырмашылықтарды табуға тырысады. 2013-
2014 жыл қорытындысы бойынша салыстыра оқытудың
дәлелі ретінде 11 а,б сыныптарының білім сапасын
айтуға болады.
Өткен оқу жылының үлгерім сапасын салыстырмалы
түрде көрсететін болсақ, сыныптардың білім сапасы да
жоғары дәрежеде, ерекшелігі, құндылығы оқушылардың
білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты
бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті
дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ойынша, екі тілдегі грамматиканы
салыстыра оқыту уақытты үнемдейді және өте жеңіл,
тез ұғынуға көмектеседі.
Құрмалас сөйлемдерге келсек, қазақ тілінде
құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-
бірімен шылаулар, есімше, көсемше, шартты рай
тұлғалары, интонация арқылы байланысса, орыс
тілінде жалғаулық шылаулар мен интонация арқылы
байланысады. Екі тіл де құрамына енген жай сөйлемдер
бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын
құрмалас сөйлем аралас құрмалас сөйлем деп аталады.
Қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдердегі
басыңқы,бағыныңқы сөйлемдер бір-бірімен, негізінен
салаласа, сабақтаса байланысса, орыс тілінде
салаласа, сабақтаса, жалғаулықсыз байланыса береді
екен. Тестілеуге дайындық кезінде оқушылар осы
айырмашылықтарды білгені жөн. Тілдік материалдармен
қоса қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында мақал-
мәтелдерді көп қолданған жөн сияқты. Мақалдарды екі
тілде салыстыра отырып, біріншіден, оқушының өзіне
таныс ана тілі арқылы сөздік қорын байыту. Екі тілде
кездесетін мақал-мәтелдерді қатар қолданған тиімді.
Екіншіден, мақал-мәтелдер-өмір тағылымы, олардың
мән-мағынасының екі тілде де ұқсас болуы, оқушының
логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, өзіндік ой
пайымдауына мүмкіндік беру. Үшіншіден, екі халықтың
мәдениеті, әдебиетімен танысу, мақал-мәтелдердің әр
тілде қолдану ерекшеліктерін аңғарту.
Төртіншіден, меңгерген мақал-мәтелдерін өзінің
күнделікті өмірінде пайдалануға дағдыландыру.
Екі тілді салыстыра келе оқушыларға көрсете білу-
бұл сауатты да, білімді оқушыларды көбейте білу,
бөтен тілді ұғындыра білу, оқи алу, түсіну және де сол
тілде сөйлей білуге үйрету. Салыстырмалы түрде оқыту
оқушының санасына тез орнығады. Бұның тағы бір
ұтымды тұсы-екі тілді қатар алып жүру, демек, оқушы бір
ғана емес, екі бірдей тілдің грамматикалық құрылымын
салыстыра оқыту бұл-тілді жеделдете үйретудің басты
жолы. Себебі, салыстыра оқыту барысында оқушылар
14
15
түрлі грамматикалық я болмаса лексикалық тұлғаларды
есінде тез сақтап қалады.
Тіл-мәдениет айнасы. Тіл арқылы тек қана адам
және оның қоршаған ортасы, өмірінің әлеуметтік
жағдайы емес, сонымен қатар халықтың қоғамдық
танымы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы көрінеді.
Қорыта келгенде, орыс тілді мектептерде қазақ тілін
орыс тілімен салыстыра отырып оқыту өте тиімді.
Әдебиеттер:
1
Қазақ,
орыс
тілдерінің
салғастырмалы
грамматикасы. Авторлары Жағыпар Мұсаұлы. Раушан
Әміренова Көкшетау, 2003 жыл.
2 Сопоставительная грамматика русского и
казахского языков. “Ана тілі”, 1994 жыл.
3 Вопросы сочетания главных членов предложения
в русском и казахском языках. Мектеп, 1985 жыл.
4 Қазақ және орыс тілдеріндегі айырмашылықтар
және оны салыстыра оқыту. Е.Қауысқызы.”Қазақ тілі
мен әдебиеті орыс мектебінде“ журналы, №12,2005
жыл.
5 Әлметова Ә. Айтылым-сөйлеу әрекеттің өнімді
түрі. “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде” №3,
2005.
6 Қазақ тілі мен орыс тілінің фонеткалық жүйесінің
салыстырмалы мінездемесі. К.Исмаилова. “Қзақ тілі
мен әдебиеті орыс мектебінде” №1, 2005 жыл.
7 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. Алматы,
2005 жыл.
8 Досымбекызы Ж. “Жаңа кезеңдегі қазақ тілін
оқытудың басты бағыттары”“Қазақ тілі мен әдебиеті
орыс мектебінде” №6, 2005 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |