Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде

Дата15.10.2023
өлшемі170,15 Kb.
#115357
Байланысты:
4-лекция ББМ

Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде

4-дәріс

Жоспар

  • Мектептің педагогикалық үдерісін басқару
  • Мектепті басқарудың педагогикалық жүйесі

Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында оның тұтастығын сақтау , сондай-ақ, ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажеттілігінен туындаған мақсаттарға байланысты бағытталуы қажет.

Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин).

Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин).

Мектепті басқару жүйесінің құрылымы:

мектеп директоры;
оқу-ісі жөніндегі орынбасар;
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар;
сынып жетекшілері;
педагогикалық кеңес;
әдістемелік кеңес;
әдістемелік бірлестіктер;
ата-аналар комитеті;

Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі.

  • Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі.

Басшы мектепті басқару процесінде басқару теориясын, концепцияны игеру керек. Менеджмент адамдармен қарым-қатынастың тәсілін үнемі жетілдіріп, соның ішінді білім берудегі ең маңызды буын - менеджменттегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының субъектаралық мазмұнда болуын талап етеді.

Басқару әрекеттерде жүзеге асырылады:

тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін ұйымдастыру;
тұлғаның жеке мәнді танымы негізінде білім беруді ұйымдастыру;
әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның дербес және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру;
мектептегі білім беруді тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны оған қатысушылардың көзқарасын өзгерте алады.

Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады

мақсаттарды айқындау;
жоспарлау;
ұйымдастыру;
реттеу;
ынталандыру.

Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

- Ұжымдағы педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру, мадақтау.
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық орта қалыптастыру, шығармашылық ізденіс пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен ұжымды таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға бағыттау );
- ұжымда шынайылықты нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін сақтау.

Басқаруды ұйымдастыру формалары:

нұсқау-əдістемелік,
теориялық семинар,
оқушылар ұжымының отырыстары,
педагогикалық кеңестер,
əдістемелік бірлестіктер,
конференциялар,
педагогикалық оқулар,
ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.

Қорытынды

Педагогикалық процесс барысында психологиялық- педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығын да тұрақты жетілдіруді талап етеді. Білім беру жүйесі тұлғаның қабілеті мен мүмкіндігін ғана ашпайды, заман талабына сай өз ойын ашық жеткізе алатын, сын тұрғысынан ойлау қабілеті , мәселені өздігінен шеше алатын , технологиялық сауаттылығы жоғары ұлтын сүйетін ұрпақ мәдени құндылықтарды игерген талантты ұрпақ тәрбиелеуі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет