Мектеп директоры Ч. С аденова


Күні Класс жетекші



бет31/39
Дата05.02.2023
өлшемі352,55 Kb.
#65331
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
3 сынып 22-23 Тәрбие жоспары

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру.



Құндылықтарды дарыту

Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздер т. б

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі
(7 мин)



Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)




Оқушылар жұмбақтар шешеді



Компьютер

Ортасы
(20 мин)



Топтық жұмыс
1 - топ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
2 - топ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
3 - топ: Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге жақсы,, анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті киімдер киген дұрыс және қол фонары болғаны дұрыс. Ал балаларға арнайы фосфорлы білезік не смайликтермен жүрген дұрыс.)

1-топ: реттелген жол қиылыстары және реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз. Реттелмеген жол қиылыстары деген - бағдаршаммен реттелмейтін жол қиылыстары.)
2 - топ: жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыздар. (жол асты өтпесі, реттелген жол қиылыстарында; зебра, жолақ не «жаяу жүргінші өтпесі» арқылы).
3 - топ: Жолды кесіп өту ережелерін атаңыздар. (жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа қарап алып, жақын маңда машина жоқ болса, 1 - жол ортасына дейін сол жаққа қарау керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек. )


- Балалар, осы тақырыпқа мұқият ойланып сурет салайық. (Балалар осы тақырып бойынша өздері суреттеп, бояп әңгімелейді. Ол суреттер тақтаға ілінеді.)
Ең үздік суреттер


Компьютер

Соңы



Рахмет! Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесімен таныстыңдар. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.



Оқушылар жол ережелері туралы тақпақтар айтады

комппютер

Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет