Тәрбие сағаты
|
«Дені саудың жаны сау»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
үнтаспа, нақыл сөздер, тапсырмалар, карточкалар.
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Психологиялыық ахуал.
Балалар, мен сендерге сәттілік тілеймін!
Балалар байлық деген не?
Білім
Табиғат
Машина
Денсаулық___Ақша'>Байлық
Денсаулық
Ақша
Саябақ
Осының ішінде ең керектісі не?
Табиғат, таза ауа
Мұғалім: олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет? «Денсаулық» сызбасын толтырып көрейік.
Денсаулық
Спорт
Тазалық
Тамақ
Әр оқушының ойын, пікірірін тыңдау.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Денсаулық — адам өмiрiнiң ең үлкен сыйы, зор байлық. Денсаулықтың арқасында бiлiм алып, жетiстiктерге жетiп, өмiр сүремiз. Ендеше, бiздiң мiндет — денсаулықты күту.
— Балалар, тақтадағы «Денсаулық» гүлiнiң күлтелерi, байқағандарыңдай, ашылмай тұр. Бәрiмiз бiрiгiп гүл күлтелерiн ашуға көмектесейiкшi. Ол үшiн мына сұраққа жауап іздеп, күлтеге жазып, тақтаға жабыстырыңдар.
— Денiмiз сау болуы үшiн не iстеуімiз қажет?
|
Оқушылар сұраққа жауап береді
|
Компьютер
Қағаздан жасалған гулдер
|
Ортасы (20 мин)
|
Дұрыс тамақтану.
Пайдалы тағамдардың суретін сал. Пайдасын айтып көр.
Спорт.
Спорт түрлерін жаз, көрсет. Қай жерге пайдасы бар деп ойлайсың?
.
Еңбек.
Еңбек түрлерін жаз. Қай жерге пайдалы?
Тазалық.
Тазалық сақтаудың ережелері қандай?
|
Жауабы: жеміс — жидектер, сүт тағамдары, дәнді — дақылдар, ет тағамдары, кепкен жемістер.
Жауабы: дене жаттығулары, жүзу, жүгіру, доп ойнау, секіру
Жауабы: үй жинау, құрастыру ойындары, гүл егу, кітап оқу, қолөнер.
Жауабы: жеке бас гигиенасы, оқулықтардың ұқыптылығы, киім реттілігі, үй тазалығы, ыдыс -аяқтың таза болуы.
|
Компьютер
|
Соңы
|
—Балалар, бізге дана халқымыз денсаулық жайында көптеген мақал — мәтелдер мұра етіп, денсаулық сақтаудың қажеттілігіне ерекше мән берген. Мен ұсынған парақшаларда мақалдар берілген және сәйкесінше ұйқастары бар. Мағыналы шығатындай етіп сөздерді таңдаңдар. Білетін мақал-мәтелдерің болса, өз нұсқаларыңды бірге ұсыныңдар.
|
Оқушылар тапсырманы орындайды
|
комппютер
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Қадыр Мырза Әли балалар жазушысы»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегенрі. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтіннің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырза Әлиев шығармашылығына арналған «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы»
Кәне бәрміз назарымызды тақтаға аударайық.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көрсетілген бейне ролтиктен нені білдік?
1. Ақын еңбек жолын қай журналдан бастады? ( «Балдырған» )
3. Тұңғыш туындысы қай журналда жарық көрді? («Пионер»)
4.Қадыр Мырза Әлі өмір сүрген жылдары? (1935ж 5 қаңтарда - 2011ж 25 қаңтар)
9.Ақынның табиғат пен адам арасындағы үндестік, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түйіндейтін поэмасы ( Қызыл кітап)
7. Қадыр Мырза Әлінің анасының, әкесінің есімі?( Мағраш, Ғинаят)
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар жазған.Ендеше қазір барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік,экранға назар аударайық.
1)Дос үйіне түстің бе?
Түгел соның үстінде.(дастархан)
2)Қайнаған шілдеде оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.(тоңазытқыш)
3)Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті,
Қатарларын тізіп алды
Арттарында ізі қалды.(кемпірқосақ)
4)Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.(Ара)
5)Жоқ өзінде баста,
Қаста,мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
|
Оқушылар бір бірінен жұмбақтар жасырады
|
Компьютер
|
Ортасы (20 мин)
|
, Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған балаларға
«Құлақ не үшін керек?»
-Құлақ не үшін керек?-деп сұрады тәрбиеші тәтей.
-Жеу үшін!-деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.-Шерту үшін!-деді бір үйдің шалдуарлау жалғыз ұлы.-Бұрау үшін!-деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала.-Тыңдау үшін!-деді ақырын ғана ағайынының қолында өсіп жатқан кішкене жетім.
«Биялай мен Қолғап»
—-Әже,әже! Биялай кисем қолым тоңбайды.Ал,қолғап кисем-ақ болды тоңа бастайды.Неге олай?!
—-Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне-бірі жақын тұрып жылу береді.Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады.Жалғыздың аты жалғыз.Біраздан кейін тоңа бастайтыны сол! Жақындық бар жерде жылу бар-балам.
|
Оқушылар жазушының өлеңдерін айтады
|
Компьютер
|
Соңы
|
Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа насихатанна бермек.
|
«АТАМЕКЕН» әні
|
комппютер
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Мәншук Мәмбетова 100 жылдығы»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |