Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді.Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. « Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Олар қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша аянбай шайқасты. Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірге қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ. Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болсадағы қай ғасырдың қай күні. Ұлы Отаным басын иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін 1 минут еске алайық. ( Үнсіздік минуты) Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ халқының ардақты ұлының бірі, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов туралы болмақ.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Әуе шабуылының қаһарманы даңқты ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген. Қадиша әжесінің бауырында тәрбиеленген батыр ел басына күн туған қиын шақтарда әжесіне қолғабыс беріп, үлкендермен бірге еңбекке ерте араласқан. Қара жұмысқа жастайынан дағдыланған ол алдына ұшқыш болам деген мақсат қойып, Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түседі.