Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды ойлау арқылы біле аламыз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытынды жасалады. Осы қарапайым қорытындылар қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын дұрыс ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызға жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілімен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы әлемнің, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Қысқаша айтқанда, ойлау – қоршаған ортадағы болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен осы тәжірибелік іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен асып түседі.