Байланысты: Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар
Балалардың салмақтай білу сезімін дамыту өзгешелігі Балалардың сенсорлық дамуы көп қырлы «салмақтай білуін» дамыту маңызды саналады, мұның өзі ілгеріде нәрселердің салмағымен оны өлшеу тәсілдері жөніндегі ұғымды игеру үшін қажетті негіз болып табылмақ. Кішкене балалардың өзі барлық нәрселерді олардың массасына қарай айыра отырып, өз қабылдаулары ауыр-жеңіл сөздерімен бейнелейді. Балдырған орындықты көтермек болады, бірақ оған күші жетпейтінін сезгеннен кейін ересек адамнан жәрдем сұрайды. Ауыр деген сөз балалардың ауызына ерте түседі. Ауыр және жеңіл нәрселердің айырмашылығын балалар бұлшық еттерінің қатысуымен сезінеді, ал алғашқы кезде салмағы жағынан кереғар нәрселерден сезінеді, алайда кейбір зерттеулердің көрсеткеніндей, нәрселер салмағындағы айырмашылықты қабылдау барған сайын тереңдей түседі.
Салмақтау сезімін дамыту жағына М.Монтессори Е.И.Тихеева Ю.И. Фаусек зор көңіл бөлгендігі белгілі. Мектеп жасына дейінгі балаларда салмақтау сезімін нәзік дифференциялауды тәрбиелеу үшін Ю.И.Фаусек мысалы, бірнеше бөлімі бар жәшікті берген, бөлімдерге өлшемдері 6х8х0,5 см келте тақтайшалар салынған, бұлар әр текті ағаштардан жасалған: шырша, қанды ағаш, шетен, қызылағаш, жаңғақ т.б. әртекті 12 пар ағаштың салмағындағы айырма 6 дан 8 г-ға дейін. Ажарлап кеңделген тақтайшалардың табиғы өз түрі мен ағаштың түсі сақталған. Осындай тақтайшалармен орындалған жаттығулар барысында, оларды екі алақанға өлшеу арқылы олардың салмақтарының білінер білінбес айырмасын тапқан. Бұл айырмашылықты балалар мұнша қиналмай-ақ таба білді деп жазды Ю.И.Фаусек.
Салмақтау сезімінің дамуы балалардың танымдық әрекетін тереңдетеді. Егер алғашында балалардың салмақ жөніндегі түсінігі нәрсенің зор көлемімен байланысты келсе енді салмақтау сезімін дамыта келе балалар көлемі кіші дененің салмағы зор денелердікінен де ауыр келетініне көздерін жеткізеді. Өлшемдерді бірдей шарлар салмағы жағынан әртүрлі қандай материалдан жасалғандығына байланысты т.с.с. Балалар біртіндеп кішкене металл шардың неліктен суға батып кететінін ал үлкен доп қалқып жүретінін іс жүзінде түсінеді. Екі обьектініде алақанына салып салмақтап бала олардың салмақтары әртүрлі екеніне көз жеткізеді. Бұл сияқты практикалық тәжірибе балалардың салмақ пен көлем арасындағы тура байланыспен қоса кері байланыс түсінігіне әкеледі.
Осыдан ересек балалардың салмақ өлшеуіштерін кейініректе игерудің негізі ретінде салмақтау сезімін балаларды дамытудың методикалық әдістерін талдаудың маңыздылығы жөніндегі педагогикалық қорытынды шығады.