Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Балалардың жер бетінде бағдарлану ерекшеліктері



бет14/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Балалардың жер бетінде бағдарлану ерекшеліктері
Кеңістік бағдарлауының дамуымен бірге қабылданатын кеңістіктің бейнелеу сипаты да жетіле түседі. Сыртқы дүниенің қабылдау кеңістікке жіктеліп бөлінген деп көрсетті И.М.Сеченов. Осылайша жіктелу кеңістіктің обьективті қасиеті - оның үш өлшемді болуы себепті біздің қабылдауымызға «жүктеліп» отыр. Кеңістікте орналасқан нәрселерді адам өз денесінің түрлі жағына қатысты алғанда, оны негізгі бағыттар бойынша мүшелеп бөлетін сияқты,яғни айнала қоршаған кеңістікті сәйкес әр түрлі зоналарға бөлінген орын деп қабылдайды, ол зоналар; алдыңғы жағы,оң жағы, сол жағы мен артқы жағы, мұнда да, оң жақ жаны мен сол жақ жаны.Алайда бала осылайша қабылдауға және түсінікке қалай келеді? Мектеп жасына дейінгі балалардың мүмкіндіктері қандай?
Алғашқы кезде бала өзінің алдыңғы жағында, артқы жағында , оң жағында, сол жағында орналасқан обьект деп оның өз денесіне тиіп тұрған немесе аса жақын тұрғандарды айтады.Олай болса,бала,бағдарланатын алаң бас кезінде тым шектеулі болады. Бағдарлаудың өзі де бұл жағдайда тым шағын аралықта, яғни тура мағынасында айтсақ, өзіңе қарай және өзінен былай деген мағынада жүзеге асырылады.
Үш жасар балаларда обьектілердің бастапқы санақ нүктесіне қарағандағы тұрған орнын көріп бағалау мүмкіндігі біліне бастады. Бейнеленетін кеңістік шекаралары баланың өзінен көп кейін шегінетін сияқты, алайда алдыңғы жақта, арт жақта, оң жақта, не сол жақта орналасқан обьектілерді анықтау сагитталь және фронтал түзулермен тікелей жанасып жататын кеңістіктің тым тар учаскесі жөніндегі түсінікпен байланысты келеді. Мұнымыз санақ нүктесі делінетін субьектінің әр қабырғасына перпендикуляр болып келетін жер бетіндегі түзулер сияқты. Алдыңғы оң жақта, мысалы, зонаға 30-40 градус бұрышпен орналасқан обьектіні бала не алдыңғы жақта, не оң орналасқан деп түсінбейді. «Бұл алдыңғы жақта емес,бір жақта», - дейді ондай жағдайда балалар, немесе «Бұл оң жақта емес,шамалы алға қарай» т.с.с. Алғашқы кезде балалар кеңістікті жайылыңқы түрде қабылдаған болса, енді оны учаскелерге бөліп қабылдайтын сияқты.
Бес жаста баланың бөлген учаскелерінің аудандары; алдыңғы, артқы, оң жақ ,сол жақ біртіндеп артады. Олардың қай түзу (сагитталь не фронтал) бойымен болмасын алыстау дәрежесі артып отырады. Енді тіпті алыстағы обьектілерді бала өзінен алдыңғы жақта не арт жақта,оң жақта не сол жақта орналасқан деп айтады. Сагиталь және фронталь түзулерден бөліп алынған учаскелердің ауданы да біртіндеп артады, олар өзара жақындайтын сияқты. Біртіндеп балалар тұрған жердің бетін бөлінбейтін біртұтас деп түсіне бастайды.Әрбір учаске немесе зона әлі де абсолюттенеді және тек алдыңғы, артқы, оң жақтағы немесе сол жақтағы деп қана аталады, бастапқыда кезде и бұлар бір -бірінен ажыратып бөлінген деп түсініледі.Бір -біріне ауысу мүмкіндігі әзір атымсен жоқ.
Кейінірек бала негізінен зонаны бөліп алады; не оң жақ пен сол жаң, не алдыңғы мен артқы жақ. Бұлардың арқайсысын тағы да екі учаскеге (не екі жаққа) бөледі: алдыңғы,мысалы,зонада- алдыңғы оң жақта алдыңғы сол жақта учаске,артқы зонада- артқы оң жақ және артқы сол жақта орналасқан учаске. Егерде оң жақ пен сол жақ зоналар болып бөлінген болса,онда оның учаскелері мыналар болмақ: оң жақтан алда және оң жақтан артта,бұл да солай – сол жақтан алда және сол жақтан артта.Кеңестіктің аралық нүктелерін енді бала айқын бейнелеп айта алады: бұл оң жақта және алдыңғы сол жақта т.с.с. Бұл жастағы бала қабылдап отырған біртұтас кеңістіктің бағыттары бойынша жіктелуін мағыналы түрде түсінеді. Олардың әрқайсысының ішінен әртүрлі зоналарды учаскелерді бөліп алады, сонда өзара ауысып жатуы және олардың шекараларын біршама қозғап та қоятын болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға дейінгі даму жолын зерттеген кейбір алты жеті жасар балалардың ғана жоғары нәтижеге қолы жеткенін көріп отырмыз. Алайда оқытқан жағдайда барлық алты жасар балалардың оған қолы жеткен көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет