Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет19/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Бекіту сұрақ - тапсырмалары

  1. Психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру мәселелеріне сипаттама беріңіз.

  2. Ф.Н.Блехер, Е.И.Тихеева, К.Шлегер, А.М.Леушинаның мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы оқыту туралы ой-пікірлерін талдаңыз.

«Таным» білім беру саласы бойынша әртүрлі топтарда «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» бөлімдерінің
бағдарламалық мазмұны.
Жоспар
1. 3-4 жастағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың бағдарламалық мазмұны.
2. 4-5 жастағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың бағдарламалық мазмұны.
3. 5-6 жастағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың бағдарламалық мазмұны.


3-4 жастағы балалар бағдарламасы
Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру.


Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру;
- заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру;
- көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.


Мазмұны:
Сан мен санау
Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.
Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.
«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйрету.
Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету.
Геометриялық пішін
Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата білуін жетілдіру.
Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.
Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.
Кеңістікті бағдарлау
Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен).
Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.
Уақытты бағдарлау:
Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.
Үлкендер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет