Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет22/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Бекіту сұрақ - тапсырмалары
1. «Таным» білім беру саласы бойынша әртүрлі топтарда «Қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру» бөлімдерінің
бағдарламалық мазмұны талдау жасаңыз.
ІІ.Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Жоспар
1.Мектепке дейінгі ұйымның оқу -тәрбие жұмысында математиканы оқыту міндеттері.
2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасытыруда пайдаланатын әдістер.
3.Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда қарапйым математикалық
түсініктерді қалыптастыру құралдары.
4.Математиканы оқытуға және пайдаланатын дидактикалық материалдар, оларға қойылатын талаптар.
Математиканы оқытуға дайындық жұмысы мектепке дейінгі ұйымның оқу -тәрбие жұмысының барлық жақтарымен байланыста, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, математикалық дамуына бағытталған міндеттерді шешуге арналған. Оның ерекше сипаттамасы жалпы дамытушылық бағытта, ақыл -ойының, тілінің дамуымен, ойын, тұрмыстық, еңбек әрекеттерімен байланысты.
Математикаға дайындық жүргізуде және міндеттерін шешуде ескеру қажет:

  • баланың жалпы жеке тұлға ретінде, оның танымдық әрекетінін, ақыл-ой процестерінін және қабілеттерінін дамуын;

  • білімді игеру соңымен байланысты дағдылар мен іскерліктін қалыптасуында балалардың жас ерекшелігіне байланысты жағдайларын;

  • балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығын.

Математикалық түсініктерді меңгере отырып балалар затардың түрлі қасиеттері, олардың арасындағы байланыстарды бағдарлауда сезім тәжірибесін жинақтайды, танып білудің әдіс -тәсілдерін меңгереді, білім алу мен машықтуну кезінде пайда болған дағдыларын көрсете алады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасытыруда оқыту мен ақыл-ой тәрбиесінің әдістерін қолданамыз: практикалық, көрнекілік, сойлесу, ойын. Әдіс-тәсілдерді тандауда жұмыстың мақсат -міндеттері, қалыптастырып жатқан математикалық түсініктердің мазмұны, дидактикалық материалмен қамтылуы, нақты жағдайлар, т.б ескеріледі.
Әдістер ұштастырылып пайдаланады. Әдіс -тәсілдерді іріктеуде бағдарламалық талаптар әсер етеді.
Практикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері:

  • түрлі практикалық әрекеттер орындайды;

  • кеңінен дидактикалық материалдарды пайдаланады;

  • санау, өлшеу, есептеу дағдылары қалыптасып, қарапайым формасында ойын жеткізе біледі;

  • қарапайым математикалық түсініктерін практикалық әрекеттерінде, тұрмыста, ойында, еңбекте қолдана алады.

Көптеген жаттығулар ұйымдастырылады, жаттығуларда балалар бірнеше рет практикалық және ақыл-ой әрекеттерін қайталайды. Жаттығуларды ұжым болып, жеке формада да орындайды. Жаттығулар орындауда демонстрациялық материал және өз бетімен жұмыстанатын үлестірмелі материалда қолданылады.
Ұжымдық тапсырмалар орындау білім берумен қатар қадағалау формасы да болып келеді. Жаттығулар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, күрделілігіне қарай дифференциялану керек.
Ойын элементтері барлық топтарға еңгізіледі: кіші жастағыларда - ғажайып сәт ретінде, ертегілер кейпкерлерінін қимылдарын имитациялау; ересектерде – іздену, жауабын тауып алу, жарыс ретінде. Жаттығулар репродуктивті болуы мүмкін, олар әрекет орындау негізінде өтеді. Балалар әрекеттері тәрбиешінен үлгісі ретінде, түсініктеме, талап, инструкция, ереже (алгоритм), нені қалай естеу қажет екенін қадағаланып ұсыналады.
Оңтайлы жаттығулар балалар әрекет орындау тәсілдерін немесе жартылай өздері таңдайды.
Оқытуда кенінен дидактикалық ойындар пайдаланады. Заттық және ауызша ойындар сабақтарда және сабақтан тыс уақытта қолданылады. Олардың негізгі мақсаты білімдендіру, дамытушылық, тәрбиелік. Дидактикалық ойындарды математикалық білім беруде бағдарламаның мазмұнының әр міндеттерін орындалуы бойынша жіктеліп, іріктелуі қажет.
Дидактикалық ойындар жүйелі, күрделенуіне және мазмұнына, құрылымына қарай түрлендіріліп басқа да ұйымдастыру формасы, әдіс -тәсілдермен ұштастырылып отырғанда білімдендіру функциясын орындайды.
Ойын оқыту және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдісі ретінде түрлі ойындардың қолдануға болады.
Көрнекілік және сөйлесу әдістері практикалық және ойын әдістерімен ұштастырылады.
Тәрбиешінің түсіндіру мен қатар көрнекіліктерді көрсетуі келесі талаптарға сай болуы қажет:
- нақты, көрсетуді «сатылап» бөлуі;
- әрекеттердін түсіндірумен келісімділігі;
- әрекет орындау тәсілдерін көрсетудін нақтылығы, қысқалығы және сөйлеуінің мәнерлігі;
- балалардың қабылдауын, ойлауын және тілін белсендіру.
Жеке тапсырмалар орындау бойынша инструкциялар тапсырма орындалмас бұрын беріледі, кішкентайлар топтарында орындаумен қатар жүреді, алда орындайтын әркетке түсінік ретінде.
Түсіндіру, нұсақаулар демонстрациялау кезінде, немесе тапсырма орынду барысында қателіктерді алдын алу, қиындықтарды жеңу үшін жүргізіледі.
Балаларға сұрақтар барлық топтарда қолданылады, олар қабылдаудай білу, ойлау қабілеттерін, баланың тілің белсендіреді.
Тәрбиеші қоятын сұрақтар нақты, логикалық жүйелі, балалардың жас ерекшелігін оқылып жатқан материал мазмұнына сай, анализ жасауға, салыстыруға, қортындылауға әкелетін саны көп болумуы тиіс. Ересек жастағы балаларды өздері сұрақтар ойластыруға үйрету қажет.
Қадағалау және бағалау пайдаланады балаларға тапсырмаларды орындау процесін, әрекеттерінін нәтижелерін, жауаптарын бақылағанда, түсіндіру кезінде, ересекттердін тапсырманы үлгі ретінде орындап көрсету, қателерін түзеу, көмек көрсету уақытында жүргізіледі. Баға беруге балалардың пайдаланатын әдістері, әрекет нәтижелері және тәртіптеріде жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет