Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру формалары



бет23/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру формалары.
Ұйымдастырылған, бағытталған әрекет толық математикалық дамуды қамтиды, осының барысында тәрбиеші балалардың алдына таңымдық міндеттер қояды, адекватті жолдарды және оларды шешу тәсілдерін табуға көмектеседі. Қалыптасқан тәртіп және режимде өтетін үйретуші мен үйренушінің арнайы ұйымдастырылған әрекеті оқыту формасы деп, аталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекеттерінде, одан тыс уақытта, мектепке дейінгі ұйымда және жанұяда жүзеге асады.
Мектепке дейінгі ұйымда балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекеті негізгі форма болып табылады. Оларға жетекші рол ретінде баланың жалпы ақыл-ой және математикалық дамуы мен оны мектепке даярлауы жатады. Оқу іс-әрекеті арқылы (А.П.Усова бойынша) балаларды екінші категориялы, қиындатылған, жалпыланған, «жақын даму зонасында» жатқан білімдермен қаруландыруға болады. Бала өзбетімен оларды меңгере алмайды. Оқу іс-әрекетінде практикалық жүзінде барлық бағдарламалық талаптар қамтылады; құзыреттілікке жеткізетін ақпараттық, коммуникативтік, проблема шешу құзыреттіліктері кешенді орындалады; математикалық түсініктер бір жүйеде қалыптасады және дамиды.
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекеті жалпы дидактикалық қағидалары ескеріліп құрастырылған: ғылымилығы, жүйелілігі және бірізділігі, түсініктілігі, көрнекілік, өмірмен байланысы, жеке – дара принципі.
Барлық жас ерекшелік топтарында оқу іс-әрекеті барлық балалармен ұйымдастырылады. Тек ІІ сәбилер тобында қыркүйек айында топшамен (8-10 адам), барлық балаларды қамтып, біртіндеп бірге әрекеттенуге үйрету мақсатымен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру ұсынылады.Оқу іс-әрекетінін кестесіне сай аптасына бір рет, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай уақыты ІІ сәбилер тобында 15 минутан 25-30 минутқа дейін ересек топтарында ұйымдастырылады. Математика оқу іс-әрекеті ақыл-ойды жүгіндіруді талап етеді, сондықтан оларды апта ортасында күннін бірінші жартысында, белсенді дене шыңықтыру, музыкалық немесе бейнелеу оқу іс-әрекетімен ұштастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет