Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Нәрселер шамасын көзмөлшерімен өлшей білуді дамыту



бет27/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Нәрселер шамасын көзмөлшерімен өлшей білуді дамыту.
Алдымен нәрселердің өлшемдестігін кішкене балалар нәрселерді беттестіру немесе тұтастыру жолымен жүргізеді; өлшемдестікті көзмөлшермен анықтайтын болсақ, бұл тәсіл жарамсыз болып қалады. Мәселен, ағаштың немесе дуалдың биіктігін көз мөлшерімен анықтау үшін көзбен мөлшерлеу дамыған болуы қажет. Бұған нәрселерді салыстыру әрекетінің себебі бар. Көз, қол жасайтын практикалық әдістерін бейне бойға сіңіріп, жинақтайтын сияқты. Сондықтан көзмөлшерін дамыту аса маңызды, сондықтан да ол оқыту пәні болуы тиіс. Тіпті Руссоның өзі зәулім үйді адам бойымен, ағаштың биіктігін шіркеу мұнарасының биіктігімен салыстыра отырып, т.с.с Эмильді нәрселердің өлшемдерін көзмөлшерімен салыстыра білуге үйретукерек деген болатын-ды.
Зерттеулерге қарағанда, жас есейе келе көз мөлшерінің болар-болмас мүмкіндіктері артады, бұған әр өлшемді екі нәрсенің үлкенін таңдап алу жөніндегі оңай есептің шешуі де көз жеткізеді. Алайда есептің дұрыс шешімі ылғи да болар болмас мүмкіндіктерімен байланысты бола бере ме?
Мысалы, үлгі бойынша ұзындығы белгілі нәрсені сұрыптап алу, балалар үшін едәуір күрделі екен, олар бұл есепті екі нәрсені біріне-бірін тұстастыру жолымен анықтаудан гөрі екі есе бау шығарады, балалар жаңа бір интелектуалды есепке кезігеді, ол-салыстыру тәсілін табу. Сонымен бірге сұрыптауға түсетін объектілердің арасынан айырмашылық шамасы кеміген сайын, есеп күрделене түседі.
Балалар үшін одан гөрі қиын тиетіні –таяқшаны екі кішілеу таяқшадан құрастырылған үлгімен теңестіру. Үш-төрт жас балалара бұл есепті атымен қабылдамайды, ал бес-жеті жасар балалар ондай есепке сәл қызыққаны болмаса, барлығы бірдей шыға алмайды.
Шамасы, бұған себеп-ол есесптерді шешу мүмкіндігінің болмағаны емес болар ,өйткені бірқатар балалар дегенмен ол есепті шығарады ғой, әңгіме балаларға көзмөлшерімен амалдар орындау әдістерімен тәсілдерге үйретпеуге болар.
Үш объектіні салыстырғанда, оның бірі үлгінің өзі, сұрыпталатын объектінің әрқайсысының үлгісімен салыстыратын, оның шама жағынан үлгімен бірдей не бірдей еместігін білетін болуы тиіс, яғни біртіндеп салыстыру операциясын –есепті анағұрлым тиімді шешіу тәсілін -меңгеретін болуы тиіс. Осыған балаларды үйреткен жөн.
Сонымен, балаларға табыс етілген үлгі онымен басқа объектілерді салыстыру үшін эталон ролін атқаратын болуы тиіс; сызықтық шамаларды өлшеу өлшемі болуы тиіс. Сондықтан баланың осы эталонды өлшеу өлшемі ретінде қабылдау аса маңызды. Ол үшін осындай өлшемді (үлгіні) балалардың өздеріне жасауды ұсыну қажет, онымыз салыстыру үшін жанама құрал болмақ.
Келесі мәселе - балаларға өлшемнің көмегімен өлшеу тәсілдерін үйрету (өлшемнің ұшы өлшенетін кесіндінің шеткі ұшымен дәл келетін болуы тиіс)және де өлшемді объектімен салғастыра отырып, онымен бірдей немесе бірдей еместі табуға үйрету. Зерттеулер тәжіребиелердің көрсетіп отырғанындай, өлшемді енгізумен байланысты салыстырылатын объектілердің айырмашылығы тым аз болғанда да өлшемді анықтау дәлдігі едәуір артады.
Екі кесіндіні үлгінің ұзындығымен теңестіргенде де өлшемнің атқарар ролі тап осындай.
Олай болса,есепті көзмөлшермен шешу көзмөлшердің болар-болмас шамасына емес, көзмөлшерімен орындалатын амалдардың белгілі бір тәсілдердің қаншалықты меңгергеніне байланысты.
Осыдан әдісі үшін қорытындылар жасау қажет болады: көзмөлшерімен орындалатын амалдарды біртіндеп күрделендіре отыры, балаларды өлшемдестіктің практикалық тісліне, жүйелі түрде оқыту керек. Көзмөлшермен шығаратын есебіміз күрделене түскен сайын, оқыту системасын белгілеудің маңызы да арта түседі. (алдымен практикалықь жоспарды.)
Балалардың нәрселер өлшемдерін қабылдау ерекшеліктеріне жасалатын анализ негізінде қорытындылар жасаймыз:
1.Балалар нәрселердің өлшемдерін сезіне айыра білуді ерте бастайды. Алайда өлшем белгісін алдырғандар нақтылы нәрселер арқылы есінде сақтайды және сондықтан өлшемдерді бағалаудағы салыстырмалалақты олар бірден тани алмайды.
2.Мектеп жасына дейінгі балалар ұзындықтың әр түрін айыруда және өлшемдерді бағалауда көп қиналады, өйткені бір жағынан ұзындықтың қайбір түрін өрнектейтін сөзді орынды қолдана білмейді, екінші жағынан, нәрселер өлшемдерін сенсорлық қабылдауды дасмытуға тиісті көңіл бөлмейді.
3.Естиярлар мен даярлық тобындағы балаларда ұзындықтың әрбір түрін оларды жеке ұабылдағанда және салыстырғанда (ұзындығын, енін, биіктігін, қалыңдығын) дифференциялау мүмкіндігі білігніп, қана қоймай,үш өлшемді нәрселерді олардың кеңістік орнына тәуелсіз тани білетіндігі де айқындалған.
4.Зерттеуер мәліметеріне қарағанда нәрселердің өлшемдерін шартты өлшемдерді қолдана отыры, көзмөлшермен бағалауды дамыту жолдары алуан түрлі көрінеді.
Осы жасалған қорытындылардың барлығы оқыту әдісінде ескерілетін болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет