Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет34/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Жоғарытөмен, биікаласа (ұзынкысқа) параметрлерімен таныстыру үшін тәрбиеші диаметрі әр түрлі, біреуі екіншісімен мүлде кыска жұмыр (дөңгелек) екі шыбыктын диаметріне тең, ұялары бар ағаш тактаны пайдаланады. Шыбыктардын ұзындығын, балалар оларды үстелге қатар тізіп қойып салыстырады да қызыл шыбық жасыл шыбықтан биік, ал жасыл шыбық кызылдан аласа екенін аныктайды. Сонан соң балаларға балшықтан жасалған, екі ұясы бар тағандар мен үлкендігі әр түрлі және әр түсті екі таякша таратып беріледі. Балалардын, өздері таяқшаларды ұяларға кіргізіп (әр баладағы) қайсы түсті шыбык биік, ал қайсысы аласа екенін айтады.
Жуандық (жуанжіңішке) жөнінде түсінік беру үшін ұзындығы бірдей, бірақ жуандығы жөніненбір-біріне кереғар қарындаштарды пайдалануға болады. Балалар биіктігі әр түрлі таяқшалар кіргізілген ұялар бұл жағдай үшін енді жарамайтынын байқайды. Ұяға тек жіңішке бір ғана қарындаш кіре алады, ал жуан қарындашқа үлкен ұя керек. Егер тақта жас балшықтан жасалған болса, балаларға көрсете отырып, жуан қарындаш үшін де ұя жасалады (бірак ол жіңішкеқарындашка арнап жасалғаннан едәуір үлкен). Сонан соң ұяларға кіргізілген қарындаштарды салыстыру негізінде балалар олардың биіктігі бірдей, бір қарындаш екіншісінен жуандеген тұжырымға келеді.
Әр түрлі заттардың арасындағы өзгешеліктер мен қатынастарды айқындан алып (үзынқысқа, кеңтар, биік— аласа, жуан —жіқішке), заттардын бір-бірінен өзгешелігі олардың үлкендігінде болып, формасы бірдей болуы мүмкін екендігін балалар бірте-бірте білетін болады.
Балаларды заггттардыңөлшемдерінің тең еместігімен және теңдігімен бірден таныстыру орынды бола қояр ма екен. Ең алдымен заттардыңүлкендігінің бірдей еместігі жөніндегі білімге сүйеніп, олардыңөлшемдері бірдей болуы да мүмкін екендігін көрсету керек. Жолақтар ұзын да, қысқа да, бірдей де болуы мүмкін (кең — тар, енді — енсіз және ені бірдей т. с. с.). Біршама кейінірек «бірдей» (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) дегеп сөзді «тең» (үзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) деген сөзбен алмастыруға болады, бірақ оған асығудың қажеті жоқ; балалар ұзындыктың әр түрлі параметрлерін танып-білуде дұрыс бағдарлай білгенде және ұзын (ұзынырақ,неден?), қысқа (қысқарақ, неден?) деген сөздерді пайдалана білген жағдайда ғана сондай алмастыру жасаған жөн.
Алған білімдерді басқа сабақтарда да пайдалану қажет, мысалы, кең және тар соқпақтың суретін салу, ұзын жәнеқысқа сәбізді пластилиннен жабыстырып жасау. Иллюстрацияларды қарастыру немесе әңгімелеп беру кезінде «Ағаш үйден биік» деген сөз тіркестерін пайдаланатын болсын немесе серуенде жүргенде ағаштар бұталардан биік, бір ағаштың діні екіншісінің діңінен жуан, ағаштардың бұтақтары жуан және жінішке, өзен бұлақтаи кең (енді) т. с. с. екенін анықтайтын болсын, соны тәрбиеші пайдаланып отыруы керек.
Ұзындық параметрлерінің өзің тіпті сәбилердін де танып білетінін ешке сақтау маңызды, бірақ ең бастысы – олардың атауларының дәлдігін дифференциялап алу, ал бұл болса түгелдей балалармен откізілетін тәрбие жұмысына байланысты.
Форманы ажыратып тану өте ерте басталады. Үш жасқа қараған балалар формалардың дөңгелек (домалақ) доп, дөңгелек тәрелке, дөқгелек табақ т. б. осы сияқты кейбір атауларын да меңгеріп алады. Бірақ балалар ойыншық түрінде қабылданатын геометриялық фигуралардың: квадраттын, дөңгелектің, үшбұрыштың көптеген қасиеттерін әлі де болса білмейді. Алайда бұдан балалар олардың формасын айыра алмайды деген сөз шықпайды, олар: үй мен төбе жасау үшін куб және үшбұрыш керек, әдемі суретті бейнелеп көрсету үшін дөңгелек, квадрат, үшбұрыш т. с. с. керек болатынын айтады.
Дидактикалык ойындар үшін керек заттардың ішінде геометриялық фигуралар: квадрат, үшбұрыш, дөнгелек болуы тиіс. Балалар бұл формалардын контурын ұстапсипалау және көру аркылы байқап, олардың атауларары мен өзіндік ерекшелігін біледі.
Балаларды айнала коршаған заттар өзінін формасы жөнінен алуан түрлі және олардын ішінде, дөңгелектеріне қарағанда, тік төртбұрыш тәрізділері көбірек. Балаларды заттардың формасын көріп, оларды дөңгелек түріндегі және бұрыштары барлары деп қарапайым түрде топтай білуге үйрету маңызды. Бұл топтауда балаларға белгілі геометриялық фигуралар негіз етіп алынуы тиіс. Доп, шар, тәрелке—дөңгелек, қияр — дөңгелек, бірақ ұзынша, ал кубтын, кітаптын, қораптың —бұрыштары бар екенін балалардың өздері-ақ айтады. Сондықтан балалар заттардыдифференциялауға дайын.
Осындай сабақты қалай өткізуге болады?
Балалар геометриялық фигураларды (шаршы мен дөңгелекті) бұл кезде айырып тани жәіне атай алады дейік. Тәрбиеші ең алғаш үлкен дөңгелек пен квадратты көрсетіп, олардың білімдерін тексереді. Сонан соң өз кораптарынан тиісті фигураларды табуды (балалардын колында олар әр түсті) және кансысында қандай фигура, түсі қандай екенін айтуды ұсынады. «Дөңгелек (шаршы) екенін қалай білуге болады?» - деп сұрайды тәрбиеші. Балалар фигураны контуры бойымен саусағымен айналдырып; шығады да квадраттын бұрыштары болатынын, ал дөңгелектін бұрыштары болмайтынын айтады.
Сонан соң тәрбиеші тәрелкені (ұсак тәрелкені) көрсетеді де контуры бойымен саусағымен айналдыра көрсетіп шығып, тәрелкенін, неге ұқсай- тынын: дөңгелекке ме әлде шаршы ға, соны ойлап көруді ұсынады. Шақырылған бала тәрелкенін контурын саусағымен айналдыра көрсетеді де оның дөңгелекке ұқсайтынын айтады. Дәл осылайша қораптыңқақпағы (немесе түбі) көбінесе неге ұқсайтынын және неліктеп олай екенін анықтауды ұсынады. Балалар оның бұрыштары квадраттың бұрыштары сияқты екеніп айтады.
Салыстыру тәсілдері жөнінде қажетті нұскаулар берген соң, тәрбиеші сабақтын екінші бөліміне көшеді. Ол бір үстелге дөнгелекті, ал екіншісіне квадратты қояды да шақырылған үш балаға ұсақ бір-бір заттан: біреуіне тәрелке, екіншісіне ұсақ тәрелке (қуыршаққа арналған ыдыс- аяқтан), тағы біреуіне парақ қағаз (дәптерден), тағы біреуіне қол орамал ұстатады. Сонан соң ойыншыктың формасын ол саусағымен айналдыра керсетіп, ол қайсы геометриялык фигураға көбірек ұқсайтын болса, ойыншықты сол фигура тұрғанүстелге қоюды тапсырады. Осыған ұқсас бірнеше тапсырмаларды орындап, балалар дөнгелек заттар мен бұрыштары бар заттарды карап шығып, үстелдердің айналасына жиналады. Ен алдымен тәрбиешінің өзі тұжырым жасайды, ал балалар үстелге койылған заттарды атай отырып, сол қорытындыны нақтылай түседі. «Мұнда дөнгелек пен барлық дөнгелек заттар жатыр»,— дейді тәрбиеші, ал балалар атап шығады. «Тәрелке, ұсак тәрелке, шар, доп». Мұнда шаршы мен бұрыштары бар барлық заттар жатыр», ал балалар атайды: «Парақ қағаз, қол орамал». Бұдан кенін мұндай қорытындыны балалардың өздері жасайды.
Топтау әдістерін ұғынын алуларына қарай ойын түріндегі жаттығуларды күрделендіруге болады: әрбір бала өз үстелінде отырып, өзіне берілген бір емес, екі-үш-тәрт затты қарап шығып, сондай тапсырмапы өздігінен орындайды немесе бір үстел басында отырған балалар дөнгелек заттарды бір қорапқа, ал бұрыштары бардарын екіншісіне салады. Бара -бара заттарды олардын суреттерімен алмастыруға болады, бұл—жиынтықтарды түрлендіре түсуге едәуір мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет