Бекіту сұрақ – тапсырмалары.
Үш жастағы балаларға жиын туралы түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Өз айналасынан «көпті» және «біреуді» табуға үйрету тапсырмалар жазыңыз.
Бір жиын элементтерін екінші жиын элементтермен салыстыру әдістерін атаңыз. Жиындарды салыстыру әдістерін пайдаланып оқу іс-әрекетінін технологиялық картасын құрастырыңыз.
Сезім түйсігі және есту арқылы санауға үйретуге тапсырмалар ойластырыңыз.
Кішкентайлардың екінші тобындағы балаларды нәрселердің өлшемі мен формасы туралы түсініктерін дамыту жолдарын атаңыз. Мысалдар келтіріңіз, көрнекі құралдар жасаңыз.
Жоғары — төмен, биік— аласа (ұзын — кысқа) параметрлерімен таныстыруды қалай ұйымдастыру қажет? Таныстыру әдісін пайдаланып балаларды таныстыруға арналған тапсырмалар жазыңыз.
Жуандық (жуан — жіңішке) жөнінде түсінік беру үшін не пайдалануға болады?
Үш жастағы балаларды формамен таныстыруға дидактикалык ойындар дайындаңыз.
Төрт жастағы балаларға кеңістік пен уақытты бағдарлау ұғымдарын қалыптастыру
Жоспар
Төрт жастағы балаларда кеңістік түсінігін дамыту.
Төрт жастағы балаларда уақыт түсінігін дамыту.
Төрт жасқа қараған балалар тобында кеңістік және уакыт түсініктерін дамыту үшін күнделікті өмірді, режимдік мезеттерді өткізу, қимыл -қозғалыс ойындарын ертеңгілік гимнастиканы пайдаланған жөн.
Балалардың кеністік бағдарларын зерттеу олардын бағдарлай білуінің негізі өз дене мүшелерін айыра білуі екендігін көрсетті. Осы ерекшелікті ескеріп, балаларды өз дене мүшелерін, олардың атауларын айқын түрде айыра білуге үйрету және соларға сүйеніп балаларды кеңістік бағыттарымен таныстыру өте маңызды. Он қолы мен сол қолын және өз денесінің оң жағы мен сол жағын айыра білудің ерекше мәні бар. Балаларға бұл жөнінен едәуір қиындық келеді, егер балаларды екі қолының атауларымен және олардың түрліше функцияларымен (кызметімен) бірден таныстырып отырса, ондай қиындықты жеңуге болады: оң қолымен бала касық, ал сол қолымен — нан немесе тәрелке ұстайды; оң қолымен бала қарындаш ұстайды, сурет салады, ал қағаз жылжымау үшін сол қолымен оны демеп отырады т. с. с.
Осыны есте сақтап және әрқашан балаларға ескерте отырып, тәрбиеші балалардың өз дене мүшелерін айыра білуін, заттардың кеңістікте орналасу және кеңістіктегі қимыл-қозғалысбағатын анықтай білуін қалыптастырады: алдында алға қарай, артында — артка қарай, оң жақтан - оңға қарай сол жақта – солға қарай.
Сондай -ақ уақыт түсініктері де (таңертең, күндіз, кешке, түн) режимдік мезеттерді өткізгенде күнделікті өмірде дамытылуы тиіс. Тәуліктің бұл бөліктері де, сондай-ақ кішкентайлар мен ересек балалардың іс -әрекетінің өзгеруінеқарай ажыратылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде ересек балалардың іс -әрекеті түрліше болатындықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір географиялық белдеудің өзіне тән ерекшелігі болатынын ескеру керек. Уақыт мезетін сипаттау әр бала үшін нақтылы және нанымды болуы тиіс, сондықтан түсіндіргенде көптеген белгілерді пайдалану керек.
Сонымен, үш жастағы кішкентайлар тобында балалар күнделікті өмірден көп білім ала алады, тек кейің бұл эмпирикалық білімдер арнайы сабақтарда беріледі.
Кішкентай бала әр түрлі жағдайда оқиды және арнайы үйрету сабақтары мен күнделікті өмірдің арасында өткелсіз қамал болуы мүмкін емес,керісінше, табиғи сабақтастық болуы тиіс. Мысалы, балалар күзгі серуен кезінде көптеген әр түрлі жапырақтар жинап алды, ал тәрбиеші оларды түрлі белгілері бойынша топтауға болатындығын балалардың есіне салды. Балалардын кейбіреулері өз жапырақтарын формасына қарай, екіншілері -өлшеміне қарай, үшіншілері -түсіне т. с. с. қарай топтай бастады.
Немесе басқа бір мысал. Балалар өз дене мүшелерін айыра білуде үйренді және алдында - бетінің алдында, артында -арқа жағында деген сөз екенін біледі. Балалардың алған білімдерін қуыршақтармен ойын ұйымдастырған кезде пысықтауға әбден болады.
Балалардың арнайы сабақтарда алған білімдерін күнделікті өмірде пысықтаған да дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |