Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті


Сатушы: Сәлеметсіз!  Сатып алушы



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Метербаева к. М

Сатушы: Сәлеметсіз! 
Сатып алушы: Сіздерде қандай азық-түлік бар? 
Сатушы: Бізде күз мезгілінде пісетін азық-түлік, жеміс-
жидектер бар. 
Сатып алушы: Маған бидай керек еді, – дегенде бидай 
тұра қашады. Сатып алушы соңынан қуады. Бидай қашып өз ор-
нына кіруге тырысады. Егер ұстатпай келсе, сатып алушы тағы 
зат сұрайды. Бұл 3 рет қайталанады. 


88 
Ереже: Үш рет сатып алушы ұстай алмаса, ол қарыз бо-
лып, сатушының жұмбағын шешеді. Ол шешпесе бидай мен са-
тыпалушы орын алмастырады. 
Педагогикалық маңызы: Баланың басқа ортада қарым-
қатынасы дамуына ақыл-ойын дамытуға және ептілікке тәрбие-
лейді.
Кемпірқосақ (қимылды) 
Ойынның мазмұны: Мұнда балалар мініп жүре алатын-
дай әр түске (сары, қызыл, көк, жасыл және т.б.) тақтайлар 
қойылады. Олар қатар орналастырылады. Оған кемпірқосақ деп 
ат қойылады. Балалар құс болып ұшып жүреді, болмаса кемпір-
қосақтың үстінде қонып тұрады. Сонда күн (тәрбиеші) қызыл 
және жасылға қонамыз дейді. Балалар екіге бөлініп белгіленген 
түсті естеріне сақтап орналасады. 
Ережесі: Белгіленген түстерді естеріне сақтап, шатаспай 
орналасу керек. Шатасқан құс ойыннан шығады. Соңына жеткен 
құс жеңімпаз атанып, құс алыбы бүркіт болып марапатталады.
Педагогикалық маңызы: Балалардың есте сақтау қабілеті 
дамиды. Түстерді есіне жақсы сақтауға ажыратып, сипаттап айта 
білуге үйренеді. 
Автомобиль 
Ойынның мазмұны: Балалар өз қалауынша автомобиль 
маркаларын таңдап алады. Мерседес, джип, трактор, зиль және 
тағы басқа. Сол бойынша балалар белгіленген жолдармен өз ба-
ғыттарында жүреді. Қиылысу жолында тәрбиеші бағдаршам 
қызметін атқарады. Өте алмаған бала ойыннан шығады. 
Сондай-ақ мұнда бағдаршам қазір қыс, жер мұз десе ма-
шиналар (балалар) отырып жай жүреді. Жаңбыр жауды десе ең-
кейіп жүреді. Қар жауғанда да еңкейіп жүреді.
Ережесі: Бағдаршамда дұрыс жүру керек. Жолда жүру 
бағытын, табиғи құбылыс кезінде бағдаршамнан да жаңылмай 
өту тиіс. Бұл кезде дұрыс жүре алмаған бала тәрбиешіге және 
өзге балаларға бағдаршамның әр түсі кезінде не істеу керектігі 
туралы және табиғи құбылыс кезінде жолдың қандай болатынын 
естеріне түсіреді. Қате айтса, балалар дұрыстайды. 


89 
Педагогикалық маңызы: Балалар түсті ажыратады. Бағ-
даршамда, жолда дұрыс жүруді меңгереді. Жүрген бағыттары 
туралы байланыстырып айтуға дағдыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет