Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
Метербаева к. М

№ 1 модульдік тапсырма: “Термометрмен” таныстыру. 
Бағдарламалық мазмұн: балаларды ауаның температу-
расын (қызуын) өлшеуге көмектесетін аспаппен таныстыру. Ауа 
температурасы және жауын-шашын
; температура және өсімдіктер 
арасындағы байланысты белгілеуге жеткізу; температураны бел-
гілей білуге үйрету (графикалық үлгісінде болған оңтайлы) мек-
теп жасына дейінгілерді табиғатпен қалай таныстыруға болады?
№ 2 модульдік тапсырма: “Ауаны қысу”, “Ауаның салмағы”. 
Бағдарламалық мазмұн: ауаның серпінді екенін, белгілі 
бір көлемге ие болатынын (сабынның жел көбігін үрлеп шыға-
руы, шарларды ауамен толтыру), қозғалыс, жел, ауаның өзі қоз-
ғалу арқылы басқа заттарды араластыра алатынын көрсету, ауа-
ның салмағы барлығына көз жеткізу. 


32 
№ 3 модульдік тапсырма: “Қармен” таныстыру. 
Бағдарламалық 
мазмұн: қардың түсі, жабысқақтығы
, қар-
дың еріп, суға айналуы, оның ылғалдылығына байланысты 
(балалардың өз тәжірибесін пайдалану) болатыны туралы түсі-
нік беру. Балалардың
бақылағыштығын, логикалық ойлауын тәр-
биелеу. 
№ 4 модульдік тапсырма: “Қардың қасиеттерімен” таныстыру. 
Бағдарламалық мазмұн: балаларға қарда ауа болатыны 
туралы түсінік беру, оны қарды түсіп тастау әрекетімен байла-
ныстыру. Жылы су құйылған екі ыдыстың көмегімен олардың 
біреуі (қар салынғаны) ашық ауада тұрғанға қарағанда баяу сал-
қындағанын көрсетеді. 
№ 5 модульдік тапсырма: “Кесек қармен” таныстыру. 
Бағдарламалық мазмұн: ауаның температурасына байла-
нысты қардың жайы туралы білімдерін тереңдету (қолғаппен 
және қолғапсыз қарды домалақтау – қолдың жылуынан қар ыл-
ғалдана бастады; қарды бөлмеден алып шығу және бірнеше ми-
нуттан кейін кесек қар жасау. Сенімдерін арттыру үшін балалар 
көшеде және бөлмеде температураны өлшейді). 
№6 модульдік тапсырма:
Жылулық құбылыстармен” таныстыру. 
Бағдарламалық мазмұн: бір күйден екінші күйге ауысу 
қалай жүзеге асырылатыны туралы білімді хабарлау (қаттыдан 
сұйыққа, сұйықтан буға айналуы). Осының негізінде балаларға 
жауын-шашынның (қар, жаңбыр, шық, қырау, тұман) қалай бо-
латыны жайында жеңіл түсінік беру. 
№ 7 модульдік тапсырма: “Кемпірқосақтың жасалуы”. 
Бағдарламалық мазмұн: балаларға кемпірқосақтың жа-
салуын көрсету; түрлі-түсті жолақтардың үлгісі мен орналасуын 
белгілеу; желпуіш арқылы өтетін шашырандылар жарығы олар-
ды түрлі түске бояйтыны көрсетіледі. 
№ 8 модульдік тапсырма: “Электрмен таныстыру”. 
Бағдарламалық мазмұн: балаларға қарапайым аспаптың 
көмегімен (батарейкалар мен сымдар, лампалар) электр тоғының 
жасалуын және оны қайнар көзге, лампочкаға беруді көрсету, 
электр мен найзағайдың жалпы пайда болуында ұқсастық ба-
рына толық түсінік беру (найзағай – бұл бұлттар немесе бұлт 


33 
пен жер арасындағы пайда болатын үлкен электр ұшқыны; күн 
күркіреу – ұшқыннан шыққан шатыр-шұтыр (дауыс); балаларды 
қауіптен құтылу үшін найзағай ойнаған кезде өзін қалай ұстай 
білуге үйрету керек). 
Модульдік тапсырмаларды ұйымдастыра отырып таби-
ғат құбылыстарын дұрыс таңдап алуға және оларды жыл мез-
гілдеріне бөліп жүргізуге болады. Сонымен қатар әр модульдік 
тапсырманы төмендегідей сәйкес бөліктерге бөлу керек: 
– құбылысты бақылауға қызығушылығын және сезімдік көңіл 
күйін жасауға, көркем сөз арқылы қалыптастыру; 
– үрдісте нақты және дұрыс түсінік қалыптасуы тиіс құбылыс-
тарды қарастыру; 
– балалардың өзіндік қорытынды жасап, байланыстырып айтуы-
на ыңғайлы және көмектесетін жеңіл тәжірибелерді ұйымдас-
тыру; 
– қорытынды әңгіме. Балалардың алған ұғымдарын қорытын-
дылау. 
Модульдік тапсырмаларды жүйелі бере отырып, бала-
ларды табиғатты тануға, өзіне белгісіз әлдебір жаңа және қызық 
құбылыстар мен қасиеттерді аша білуге үйретеміз. 
Табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балаларды 
байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімді әдістерінің бірі – әң-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет