Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер


Шығармашылық қабілетті дамытуға арналған ойындар



бет13/17
Дата08.10.2024
өлшемі175,5 Kb.
#147125
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Керн Иарск әдістемесі

Шығармашылық қабілетті дамытуға арналған ойындар




«Символ» ойыны.
Мақсаты: шығармашылық қабілетті, қарым-қатынасты дамыту, өзіндік бағаны қалыптастыру.
Нұсқау: бүгінгі кездесуімізде әрқайсымыз жеке өзіндік символымызды жасаймыз, өзімізге 3 нышан белгісін ойлап табамыз:
1. Лақап аты;
2. Айрықша белгіңіз;
3. Ұраныңыз.
Белгі өзіне тән, қарапайым болу керек, ұраныңыз қысқа және мағыналы болу керек. Мысалы: лақап аты - «Вася ағай», өзіндік белгі - «күрек», ұран - «терең ойлаймын». Сурет шеңбер бойын аралайды және әр қатысушы парақ иесіне 3 белгісінің үйлесімділігіне қарай, ортақ бір баға қояды. Бағалау 5 баллдық жүйемен қойылады, әр топ мүшесі бағалап, парақ өз иесіне қайтып келген соң иесі баға сандарын қосып, жалпы қорытындысын шығарады.
Ең жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Топпен талқылап, әр суретшіге символға қарап мінездеме беру керек.
«Әріптер әлемі» ойыны.
Нұсқау: «Қалампыр» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты -3 минут). Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оқушы оған өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей 7-8 сөз. Төменгі деңгей 6 және одан аз сөз.
«Заттың қолдану тәсілдері» ойыны.
Мақсаты: зейін шоғырландыру, құбылыс (заттардың) қалыптан тыс мүмкіндіктерін ашу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Нұсқау: жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «кітап» сөзі. Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады, т.б. сондай-ақ, тіс щеткасы, бөтелке, тоқыма сымы, т.с.с. сөздерді пайдалануға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.


«Артық сөздерді тап» ойыны.
Мақсаты: ойлау қабілетін, ұқсастықтарға жіктей білу қабілетін дамыту. Нұсқау: кез-келген 3 сөз беріледі, мысалы: «ит», «қызан», «күн». Белгілері ақылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөз алып тастау керек. Қалған 2 сөздің өзара ұқсастықтарын алынып тасталған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мысалы: «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, сүтқоректі емес, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс, нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән), т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет