Жасына қарай МДБ-дың психодиагностикасының ерекшеліктерін айтып өтейік :
Жасына қарай МДБ-дың психодиагностикасының ерекшеліктерін айтып өтейік :
1.1 ден 3-ке дейін.
2.3 тен 5-ке дейін.
3.5 тен 6-ға дейін.
Ерте жастағы (1-3 жас) балалардың психодиагностикасы тек обьективті болу керек, яғни өзін-өзі бағалауға және анализге. Баланың сырттан бақылайтын әрекеттер мен реакциялардың эксперттік бағалаумен байланысты психодиагностикалық материал өте құнды болады. Балалар туралы мәлімет жинау құралы бақылау болады, ал негізгі психодиагностикалық әдіс – табиғи эксперимент болады. Бұл кезде балаға жақсы таныс өмірлік ситуация пайда бола бастайды. Психодиагностиканың ең, жақсы нәтижесін бір затпен ойнау барысын бақылығанда алуға болады.

3 тен 5-ке дейінгі жастағы балаларға психодиагностика өткізген кезде ойының түрін, әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрінің пайда болуын ескеру керек.Бұл жастағы балалар бірінші рет өзінің құрдастарына тұлға ретінде қарап, олармен бірге ойнай бастайды. Сол үшін психодиагностика әдістемелерді балаларды жеке ойын әрекетте және ұжымдық ойында бақылауға мүмкіншілік беретіндей құрастыру керек.Бұл ойынға үлкендерге қатысуы мүмкін. Психологтың өзі де осы ойынды ұйымдастыра алады.
5-7 жаста аталған әрекеттер түрлеріне ережелері бар ойындар қосылады, қарапайым рефлексивтік қабілеттер пайда болады. Бұл жастағы балалар білім алу немесе ойынмен қатар, өзінің іс-әрекетін анализ жасап, өзіне және айналадағыларға баға береді. Бұл нәрсе оқушылар мен ересектердің психологиясын зерттеуге қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерін қолдануға мүмкіншілік береді. Ең бірінші бұл тану процестерін зерттеу әдістеріне қатысты.