15
бен қалам серігіңіз. Дәріс беретін ұстаз қасыңыздан табылып,
бәрін түсіндіруге және сізден түсінген дүниені қайта айтып беруді
талап етеді.
Офлайнның артықшылықтары:
- Оқытушымен шынайы байланыс, эмоционалдық байланыс
бар;
- Оқытушы сабақ оқуға мотивация берумен болады
(қорқытып болсын);
- Онлайн үйрете алмайтын сабақ пен дағдылар болуы мүмкін,
мәселен, актерлік шеберлік, ән айту, би билеу, т.б.
- Тәжірибені көзбе-көз, қолма-қол түрде беруге болады.
Онлайнның артықшылықтары:
- Бағасы арзан;
- Уақытты үнемдеуге септігі көп: ғаламтор бар жер болса
болғаны, алысқа барудың қажеті жоқ;
- Сабақтың түсінбей қалған жерлерін қайталауға, табуға
оңай. Топпен жұмыс кезінде түсінбей қалатын жерлер көп
болады; (әсіресе, тұйық оқушылар тақырыпты түсінбесе де
үндемей отыра береді)
- Еркіндік бар, қалаған уақытта оқып, қайталап, сабақ
үйренуге болады.
Ұсынылған әдебиеттер: 2,6,8,10
Достарыңызбен бөлісу: