Педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру.
А.С. Макаренко:«Жақсы отбасы да, жаман отбасы да болады. Отбасы дұрыс тәрбиелейді деп кепілдік беруге де болмайды. Отбасы қалай болса, солай тәрбиелейді деп те айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз керек және ұймдастыратын бастау – мемлекеттік тәрбиелеудің өкілі ретіндегі мектеп болу керек». И.В. Гребенников ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруда бірнеше жолдар көрсеткен: -Техникум және училищенің жоғарғы сыныбынан бастап ер балалар мен қыз балаларға отбасылық тәрбие беру; -Университеттер,ұлттық университеттердің кейбір факультеттері және мәдениет Сарайымен ұйымдастырылған жас отбасы клубтарында жастар мен жас отбасыларына бала тәрбиесін үйрету; -Балабақшалар мен ұлттық университеттерде ата-аналарды мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуге дайындау; -Арнайы курстар мен семинарларда қоғамдық жұмысшыларды атааналардың педагогикалық мәдениетінарттыруға дайындау; -Семинарларда, арнайы курстарда , лекциялар мен университеттерде мұғалімдерді ата-аналармен бірге тәрбие жұмысына дайындау; [7] Меніңше бүгінгі таңда ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру үшін бұл жолдардан басқа көптеген әдістер бар. Мысалы:
Ата-аналар бала психологиясы мен педагогикасына байланысты интернеттен алуан түрлі материалдар ала алады,егер ата-ана ағылшын тілін жетік меңгерген болса, бала тәрбиесіне байланысты Еуропа елдерінің әдістерін үйрене алады.
Педагогика жайында ,мектепке дейінгі жастағы баланы мектепке қалай дайындау керектігіне байланысты көптеген журналдар бар.
Бұқаралық ақпараттар құралдарының да ата-аналарға арналған арнайы бағдарламалары бар.
-Менің ойымша ең жақсы әдіс — ата-аналардың өздерінің арасында бала тәрбиесіне байланысты клуб құру. Бұл клубта ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өздерін толғандырып жүрген мәселелермен басқа адамдармен бөлісу мүмкіндігіне ие бола алады,солайша ата-аналар бір-бірімен тәжірибе алмастыра алар еді.