Мектеп µмірініњ жаѓымды жєне жаѓымсыз ќ±былыстарын кµру


Диплом алдындағы практиканың мазмұны



бет17/25
Дата19.05.2023
өлшемі382,5 Kb.
#95304
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Диплом алдындағы практиканың мазмұны:
- Диплом алдындағы практика ЕАГИ кафедрасында өткізіледі;
- Дипломалды практиканы дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі басқарады.
- Диплом алдындағы практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың тақырыбымен анықталады;
- Диплом алдындағы практиканың қорытындысы педагогика кафедрасы ұйымдастыратын диплом жұмысын алдын ала қорғауда шығарылады;
- Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кафедра мәжілісінде өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.
Студенттің міндеттері:
Студент практикадан өту кезінде:
- дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен кестесін сақтау.
Есептік құжаттама:
Практика аяқталғаннан кейін студент қорытынды конференцияға қысқаша есеп дайындайды. Есепте практика кезеңіндегі барлық материалдар ұсынылуы керек:
- қалыптастырушы эксперимент бағдарламасын әзірлеу (түзету) ;
- қалыптастырушы және бақылау эксперименттерінің сипаттамасы;
- дипломдық зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық талдауы;
- ғылыми жетекшімен пилотаждық зерттеу нәтижелерін талқылау.
Есепті және қорытынды конференцияда ауызша сөз сөйлеуді дайындау бойынша ұсынымдар (алдын ала қорғау).
Қорытынды конференция үшін студент бес минуттық баяндаманы дайындауы тиіс, онда қысқаша түрде: практиканың мақсаты мен міндеттері; қалыптастырушы эксперимент өткен мекеменің қысқаша сипаттамасы; эксперимент жүргізілген оқушылар контингентін бағалау; орындалған іс-шаралардың жалпыланған нысанындағы сипаттамасы және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алдын ала нәтижелері ұсынылады. Қойылған міндеттерді орындауға және жаңа білім мен дағдыларды алуға, сондай-ақ тәжірибені жақсарту үшін өз тілектеріңізді білдіруге болатындығын көрсету қажет.
Практиканы қорытындылау тәртібі.
Практика нәтижелері хаттамаға енгізіледі, онда студенттің дипломдық жұмысты алдағы қорғауға дайындық деңгейі жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет