Мектеп µмірініњ жаѓымды жєне жаѓымсыз ќ±былыстарын кµру


ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА



бет9/25
Дата19.05.2023
өлшемі382,5 Kb.
#95304
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
4.2. ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
Психолого-педагогикалық практиканың мақсаты: тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кәсіби дағдылар мен біліктерді қалыптастыру, практикалық педагогикалық іс-әрекетте теориялық білімді пайдалану, педагогикалық тәжірибе элементтерін игеру мен қажетті біліктерді қалыптастыру.
Психолого-педагогикалық практиканың міндеттері:
- болашақ педагогтың төмендегідей жеке қасиеттері мен мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыру: әділеттілік, шешім қабылдағыш, әдептілік, қатаңдық, талапшылдық, принципшілдік, шынайылық, коммуникативтілік, адамдарға деген адал көзқарас, педагогтар мен оқушыларды түсіну және өзара құрметтеу, шыдамдылық пен ұстамдылық және т. б.;
- педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарасты қалыптастыру;
- студенттердің теориялық оқыту барысында алған білімдерін тереңдету және бекіту;
-студенттерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің сипатымен және мектеп психологының функционалдық міндеттерімен таныстыру;
- мектептегі тәрбие жұмысының негіздерімен, сынып жетекшісі қызметінің ерекшелігімен танысу.
Психолого-педагогикалық практика нәтижелері:
Психолого-педагогикалық практикадан өткеннен кейін студенттер:
Білуге:
- білім беру мекемесінде жаңартылған білім мазмұны аясында оқу, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері;
- білім беру үдерісінің заңдылықтары мен принциптері;
- бастауыш сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас ерекшеліктері және жеке тұлғаны, сыныпты және топты басқару әдістері, педагогикалық қарым-қатынас дағдылары.
Ептілік:
- бастауыш сынып мұғалімінің оқу және тәрбие жұмысы бойынша қызметін жаңғырту;
- оқу-тәрбие үдерісіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу;
- өзінің кәсіби-педагогикалық қызметінің нәтижелерін болжау;
- озық педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Меңгеру:
- бастауыш сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс;
- бастауыш сынып оқушыларының аудиториядан тыс іс-әрекетін ұйымдастыра білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет