Мектеп миссиясы


Миссияны әзірлеу процедурасы



бет8/15
Дата31.12.2021
өлшемі61,04 Kb.
#23420
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
МИССИЯ

Миссияны әзірлеу процедурасы

Мектептің миссиясы бір күнде тұжырымдалмайды. Мектеп басшысы бұл процеске барлық ұжым мүшелерін қатыстырғаны орынды.

Миссияны тұжырымдау барысында үш негізгі кезеңді ажыратуға болады: дайындық, тұжырымдау және жетілдіру (қайта қарау). Бұл кезеңдер тәжірибеде қолдануға немесе сыртқы өзгерістерге негізделген тапсырмаларды нақтылау қажет болған кезде мезгіл-мезгіл қайталанып отырады.

Дайындық кезеңі. Көп жағдайда дайындықты мектеп басшылығы басқарады. Егер басшылықты бір адам өз мойнына алса, оны даярлауға бүкіл мектеп әкімшілігінің қатысуы маңызды. Бұл жағдайларда миссияны даярлау үшін жұмыс тобын құру (оның құрамына мұғалімдерді қатыстыру) тиімді.

Сонымен қатар миссияны тұжырымдау процесі мектепке әсер ететін көптеген сыртқы және ішкі факторларды ескеруді қажет етеді. Мектеп үшін бұл келесі факторлар болуы мүмкін:



  • білім беру саласындағы мемлекеттік саясат:

  • мектеп бітірушілерді даярлау сапасына қатысты нарық талаптары мен үміттері;

  • емтиханға талаптары;

  • мектеп құжаттамасын дайындау ережелері мен нормалары;

  • оқушылар және/ немесе мұғалімдер келген білім беру мекемелерінің жұмыс сипаты, мақсаттары мен нәтижелері;

  • еңбек нарығындағы өзгерістер динамикасы;

  • мектеп аймағындағы демографиялық ахуалдың динамикасы;

  • мұғалімдер мен басқа мектеп қызметкерлерінің көзқарастары, ұстанымдары мен құндылықтары;

  • мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері және қолданылатын оқу-әдістемелік кешендер;

  • мектептің ұйымдық мәдениетінің даму деңгейі;

  • мектептің арнайы білім беру философиясы;

  • мектеп оқушыларының құрамы (мектептің әлеуметтік паспорты);

  • мектептің дәстүрлері мен бұрынғы жұмыс тәжірибесі;

  • мектептің өзгеру қабілеті.

Сыртқы факторлардың басым көпшілігін өзгерту мүмкін емес, кейбіреулеріне ішінара әсер етуге болады (мысалы, ата-аналардың немесе мектеп түлектері түсе алатын оқу орындарының күтетін үміттері). Ішкі факторларды күтілетін нәтижелерге сәйкес бағытта өзгертуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет