Миссияны тұжырымдау кезеңі. Мектептің басқару командасы маңызды ішкі және сыртқы факторлар ескерілетін миссияның алдын ала тұжырымдамасын құрастыра білуі керек, дегенмен бұл үрдіске мектеп қызметкерлерінің басқа бөлігін де қатыстыру аса маңызды. Тағы бір қолдануға болатын шешімнің бірі – сауалнама жүргізу. Мүдделі тараптардың арасында (мұғалімдер, басқа мектеп қызметкерлері, мектеп кеңесі, оқушылар) сауалнама жүргізуге және оларға келесі сұрақтарды қоюға болады:
Ата-аналар мен қоғам мектептен не күте алатыны туралы ойланыңыз?
Мектептегі ең маңызды нәрсе не деп ойлайсыз және Сізді барлығынан бұрын не толғандырады?
Сондай-ақ мектептің жалпы мақсаттарының тізімін таратуға және оларды іске асыру мүмкіндігіне қарай саралауды ұсынуға болады. Мұндай сауалнама қалыптасқан жағдай мен қалаулы жағдайдың сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді, мектептің мақсаттарына қатысты келісімнің бар-жоқтығын және көзқарастарда қандай айырмашылықтар бар екендігін көрсете алады.