Мектеп: Орал қаласындағы фмб назарбаев Зияткерлік мектебі Тақырыбы "8-наурыз халықаралық әйелдер күні"



бет3/5
Дата30.04.2022
өлшемі22,29 Kb.
#32974
түріСабақ
1   2   3   4   5

(слайд көрсету)

Күй аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып ұл балдар шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады:

  • Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Ендеше, сіздерге арналған құттықтау видео-жолдамамызды қабыл алыңыздар. (Интерактивті тақта арқылы ұлдар дайындаған құттықтау видеоларын көрсетеді. Сонымен қатар, сәтсіз әрі күлкілі видео үзінділерін көрсетеді. )

Видеода ұлдар қыздарға және кураторға жылы тілек, лебіздерін білдіреді. Қыздарды бір - бір ұлдар алып шығып таныстырады.

1. Айнамкөз. Өзгелерден ерекше бірбеткей мінезі бар. Жанындағы достарының қуанышына қуана білетін, әдемі киінгенді, сұлулықты сүйетін кербез, ерке қыз.

2.  Малика. Жауапкершілігі өте жоғары, белсенді, білімді оқушы. Малика айналасындағы құбылысты, өзгешелікті тез байқағыш, ширақ ойлы, мейірімді. Апасының сүйікті немересі, сіңілісіне қамқор апай.Суретті жақсы салады,би үйірмесіне қатысады.

3. Назигат. Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан - жақты білімді ару. Есте сақтау қабілеті және қиялы өте жоғары дамыған. Ол бақылағанды, зерттегенді одан қорытынды шығарғанды жақсы көреді.

4. Ілтифат Іске ширақ, жүрегі жылылыққа толы, мейірімді, қылықты қыз. Ілтифаттың жан - жағындағыларды өз ісімен, қылығымен баурап алатын сиқырлы мінезі бар.

Ән айтуды ұнатады, би үйірмесіне қатысады.

5. Жанар.  Ол үнемі тек алда жүруге тырысатын мейірімді оқушы, әзіл айтуды ұнатады. Домбыра үйірмесіне,қол өнер үйірмесіне қатысады.

6. Айша. Дос пейілді, басқаларға жаны ашығыш, мейірімді, жауапкершілігі жоғары бала. Генетика, мәнерлеп оқу үйірмесіне қатысады.

(т.б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет