Ойыншының мектебінен суретіне мөр басып, растап қол қойған мектеп директорының
анықтамасы болуы тиіс. (мөр суреттің үстіне қойылуы тиіс).
Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік
Техникалық өтініште мыналар көрсетілуі тиіс: ойыншының төске тағатын нөмірі, өлшемі,
амплуасы.
Жарыс уақытындағы дәрігерлік сақтандырылуы
5.2.
Мандат комиссиясы комиссия төрағасы мен мүшелерінен тұрады. Комиссия төрағасын
ААДТжСДО
(Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы)
тағайындайды.
5.3.Мандат комиссиясы төрағасының міндеті:
-
Команда ойыншыларының құжаттарын барлық талаптарға сай толық тексеріп қабылдауы
қажет.
-
Жарысқа рұқсат етілмеген ойыншылар мен келмей қалған командалардың техникалық
өтініштері шығарып тасталады.
-
Атаулы өтініштің (өтінішке дейін) екінші данасына ойынға кіру рұқсат қағазына белгі
қойылуы қажет.
-
Команданың кіру рұқсат қағазының хаттамасын жасау және жаттықтырушылар мен
төрешілер алқасы отырысында кіру рұқсат қағазының нәтижесі жөнінде баяндау
Жоғарыда аталған қандай да бір құжаттар жоқ болса, онда ойыншы ойынға жіберілмейді. Ол
жарысқа жетпей тұрған құжатының түпнұсқасы немесе факспен көшірмесі түскен жағдайда
ғана ойынға жіберіледі. Бұл ереже түгел командаға да қатысты. Егер кесте (15 минут қосылады)
бойынша ойын басталған кезде рұқсат етілген команданың алты ойыншысы жоқ болса, онда
оған қосымша айып есеп қосылады, бірақ команда жарыстан шығарылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: