Мектеп оқушыларының даму физиологиясы Дәріс Кіріспе



бет8/49
Дата23.04.2023
өлшемі158,33 Kb.
#85807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Дәріс Физиология (4)

4 тобын ажыратты:
Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-шіге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.
Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-шіге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.
1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
Ж оғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы
генотиптік қасиеті.
Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды.
Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.
Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді.
Эмоция және оның себептері
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді.
Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белгілі бір тітіркендіргіштің әсеріне берген жауабы.
Эмоцияның 3 құрамы бар:
Ішкі сезім.
Сыртқы көрінісі.
Соңғы нәтиже.
Эмоцияны жағымды немесе жағымсыз деп екіге бөледі.
Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. 7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. 12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады.
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері
Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұ йқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшық еттердің тонусы, асқорыту, жүрек-қантамырлар мен тыныс алу жүйелерінің қызметі төмендейді.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді.
Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларды болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14сағ., 4 жаста – 12 сағ, 10-жаста 10-11, ересек адамдар 7-8 сағ ұйықтайды.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты жатардан 2-3 сағ бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-220С болғанда ұйқысы дұрыс болады.
Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту.Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай алады.
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі
10 жастан бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып дамиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет