Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытудың формалары



бет2/2
Дата12.05.2023
өлшемі54 Kb.
#92197
1   2
Байланысты:
кошбасшылыкты дамыту макала

Тест-сауалнама – Сен көшбасшы болуға қабілеттісің бе?
Нұсқау: Мұғалім тарапынан бірнеше сауал ұсынылады, бұл сауалдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Мысалы:
1. Өз пікіріңді қажетті тұста айтқан орынды деп ойлайсың ба?
2.Өз досыңды белгілі мәселе бойынша толық сендірген жағдайда қанағаттанушылық сезімді байқайсың ба?
3. Шешім қабылдауға қауқарсыз деген пікір сіздің атыңызға айтылды ма?
4.Басқа адамдарға нық сенім қалыптастыра аламын деп ойлайсың ба?
5. Достарың, қоршаған орта сенің ойыңа келісім бермесе, уайымдап, өзіңе көңілің толмайтын уақыт бола ма?
6. Өзіндік бастамамен сыныпта қолға алып, ұйымдастырған шара болды ма?
7. Сенің ойыңша, кім көшбасшылыққа лайықты?
а)ең білікті адам
ә)мінезі қайсар, ерік-жігері мықты жан.
8.Қиындықпен бетпе-бет ұшырассаң, өзіңді қалай ұстайсың?
а)ештеңеге зауқым болмайды
ә)тындыра алмаған істі аяқтап, қиындықты жеңуге деген ерекше құлшыныс пайда болады.
Бұндай тапсырмалар орын алған сауалнамалар біріншіден, мектеп оқушыларын ойлануға, әр мәселенің байыбына терең үңілуге ықпал ететін болса, екіншіден, сенімділік, өзін жоғары бағалау сияқты қасиеттері арта түседі.
«Мен – көшбасшымын!» тренингін ұйымдастырудың да ерекше мәні бар. Бұндай тренингтер оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, өз мүмкіндіктерін бағаалуға арналған жұмыс түріне енеді. Ұсынылған тапсырмалар арқылы оқушылар тұжырым, қорытынды жасап дағдыланады. Бұл бағытта мынадай ойларды бастап беруге болады, әрі қарай ой топшылауды оқушылар өздері жалғастыратын болады:
1. Менің ойымша, білім негізі...
2.Өмірімдегі ең бақытты күнім...
3.Өмірдің мәні...
4. Жанұя бақыты...
Басталған ойды толықтырады, нақты бір білім саласын қамтымағанмен, ой-өрісті, дүниетанымды нығайтуда үлесі зор тапсырмалар болып саналады.
Көшбасшы қандай сыныпта оқыса да, өз соңынан достарын, құрбыларын тарта алу қабілеті бар, іске деген қызығушылықтарын туындата алатын тұлға. Ол жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық күшін жұмсап, көпшіліктің мүддесін де баса ойлайды. Кейбір қиындықтарға, сабақ барысында күрделі мәселелер алдынан ұшырасса да, оқушылар осындай көшбасшымен ақылдасып, кеңеседі және оның міндетті түрде қолдау беретіндігін біледі.
С. Маханова: «Көшбасшы өзінің айналасындағыларға жол нұсқап қана қоймайды, сол сияқты оның маңындағылар соңынан өз көңіл қалауымен, ешбір итермелеусіз-ақ ереді»[3, б. 15] -дейді. Көшбасшы тұлғаның бойында орын алатын психологиялық сапалық қасиеттер, атап айтқанда ұшқыр ой, күшті ерік-жігер, ұйымдастырушылық қабілеттер бірден байқалып тұрады. Бұл ойды отандық ғалымдар Г.К. Ашина, И.Р. Колтунова, Б. Ш. Ойрат, Е.С. Кузьминалар да қостайды.
Жинақтайтын болсақ, көшбасшылық қабілет – оқушы бойындағы ерекше дарын, талант. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы жеткіншектердің жарқын болашағына жол нұсқайды. Жалпы білім беретін орта мектептегі негізгі пәндер бойынша оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу көшбасшылық қабілеті жоғары оқушылардың бойларындағы қабілет-қарымын, танымдық қызығушылықтарын, логикалық ойлау барысын, нәтижеге бағытталған әрекеттерге бейімделуіне түрткі болады.

Қолданылған әдебиеттер


1. Ерназарова Г.Ш., Есболова А.А. Ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі ұғым ретінде, оның қызметі, критерийлері, кезеңдері мен шарттары // «Білім және ғылымның инновациялық дамуы: Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемаларымен болашағы» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011. – 12 – 13 беттер.
2.Үсебаева Қ.С. Мектеп балаларын тест орындауға баулу. Оқу құралы. – Алматы: Нұр-Принт, 2007. 200б.
3.Маханова С. Көшбасшылықты анықтау пішіндері // Мектеп директоры, 2011. №4, 14-16б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет