Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

4.3-
кесте
 
Мектептерді аттестаттау, 2013 жыл
 
Өңір  
 
Аттестаттау 
жүргізілген 
мектептердің саны
 
Шешім  
 
 
Аттестаттау 
 
Аттестаттамау 
 
Аттестаттаудан 
өткен 
мектептердің 
үлесі 
 
Ақмола
 
143 
100 
43 
69.9 
Ақтөбе 
 
65 
30 
35 
46.2 
Алматы 
 
138 
24 
114 
17.4 
Атырау 
 
41 

36 
12.2 
Шығыс Қазақстан 
 
129 
87 
42 
67.4 
Жамбыл 
 
86 
51 
35 
59.3 
Батыс Қазақстан 
 
75 
23 
52 
30.7 
Қарағанды
 
91 
51 
40 
56.0 
Қостанай 
 
109 
38 
71 
34.9 
Қызылорда 
 
80 
48 
32 
60.0 
Маңғыстау
 
22 
12 
10 
54.5 
Павлодар 
 
82 
60 
22 
73.2 
Солтүстік Қазақстан 
 
98 
55 
43 
56.1 
Оңтүстік Қазақстан 
 
191 
125 
66 
65.4 
Алматы қ.
 
47 
39 

83.0 
Астана қ. 
 
30 
21 

70.0 
Барлығы 
 
1427 
769 
658 
53.9 
Дереккөз
:
Білім
 
және
 
ғылым
 
саласындағы
 
бақылау
 
комитетінің
 
деректері
 
Бағалау жүйесі 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасына  қатысты  білім  беру  жүйесінің  тиімділік  мониторингі  үшін  бірқатар 
құралдар  қолданылады.  Білім  алушыларды  оқыту  нәтижелері  туралы  ақпараттың  жиналуы  9-
сыныптарда  төрт  пән  бойынша  (оқу  тілі,  тарих,  математика,  химия)  іріктеу  және  жоғары  оқу 
орнында оқуын жалғастырғысы келетін оқушылар тапсыратын (әртүрлі пәндер бойынша) Ұлттық 
бірыңғай  тестілеу  негізінде  өткізілетін  Оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  көмегімен  іскеа 
сырылады.  Сондай-ақ  мониторинг  жүйесі  қалыпты  нысан  бойынша  мектептердің  тапсыратын 
деректеріне  негізделген  білім  беру  бойынша  бір  қатар  статистикалық  көрсеткіштерді  қамтиды. 
Одан  басқа,  PISA  және  TIMSS  сияқты  халықаралық  зерттеулер  төңірегінде  алынатын,  білім 
алушылар  үлгерімінің  халықаралық  көрсеткіштері  жүйе  деңгейінде  саясатты  әзірлеу  кезінде  де 
қолданылады.  Одан  басқа,  ҰБСБО  да  директорлардың,  мұғалімдердің,  ата-аналардың, 
оқушылардың  және  әлеуетті  жұмыс  берушілердің  көзқарастары  мен  пікірлерін  жинауды 
көздейтін,  білім  туралы қоғамдық  пікірді  бағалау  үшін  зерттеулерді жүргізеді.  Алайда  аудандық 
және  облыстық білім департаменттерінің  жұмысын  бағалау  жүйелері жоқ, тіпті егер  де  олардың 
жұмысының мониторингі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде іске асырылса да.     

153 
ҚР  БҒМ  және  ҰБСБО  жүйе  деңгейінде  талдауды  қамтитын  есептерді  жариялайды.  Осы 
есептердің  үлгісі  ретінде  мынадай  материалдарды  келтіруге  болады:  Білім  ахуалы  және  дамуы 
туралы  ұлттық  баяндама,  5  және  9-сыныптардағы  оқушылардың  үлгерімін  бағалау  туралы 
мониторингтік  зерттеудің  нәтижелері,  9-сыныптардағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
сырттай  бағалау  нәтижелерін  талдау,  2012  жылғы  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нәтижелерін 
талдау.  
Басқа мектептермен әріптестік және қоғамның қатысуы  
Мектептердің бір-бірінен ерекшеліктері аз. Мектеп басшыларының басқа мектептердегі өз 
әріптестерін  қолдауға  қатысу  үшін  (мысалы,  озық  тәжірибемен  алмасу,  жаңа  басшыларға 
тәлімгерлік  ету,  аз  тиімді  және  оқшауланған  мектептердегі  әріптестерін  қолдау)  ресми  схемалар 
жоқ және тек өз мектебін басқара алатын ғана емес, ал сонымен қатар, бүкіл жүйесін жақсартуға 
қатыса  алатын  жүйе  көшбасшысының  тұжырымдамасы  әлі  қалыптасу  үстінде.  Материалдық-
техникалық  базаны,  жабдықты  және  оқу  материлдарын  не  адами  ресурстарын  анағұрлым  тиімді 
пайдалану мақсатында мектеп ресурстарын бірлесіп пайдаланудың кейбір тетіктері бар.   
Қоғамның мектепті басқаруға ресми қатысуы үшін мүмкіндіктер қазіргі кезде құрылатын 
және  қалыптасып  жатқан  қамқоршылық  кеңестер  нысанында  дамып  жатыр.  Мектептен  тыс 
мүдделі тұлғалар қатыса алатын (мысалы, ата-аналар, жергілікті кәсіпкерлер), мектепті басқаруға 
қатысатын  алқалық  органның  ықтимал  нысаны  сияқты  қамқоршылық  кеңестер  білім  беру 
жүйесінде  шешімдерді  қабылдау  процесін  орталықсыздандыру  бойынша  саясатты  дамыту  және 
мектеп қауымдастығына оны басқаруға қатысу мүмкіндігін ұсыну мақсатында 2007 жылы заңды 
түрде бекітілген (2-бөлім).  
Қамқоршылық кеңестер болмаған уақытта, мектептер өз айналасындағы қауымдастықпен 
ынтымақтастықты  ынталандырудың  жеке  жолдарын  іздеуші  еді.  Жиі  кезде  мұндай 
ынтымақтастық  мектеп  ата-аналарының  жалпы  жиналысы  сайлайтын  ата-аналар  комитетінің 
нысанын қабылдайтын еді (2-бөлім).  PISA-2012 зерттеуі төңірегінде мектеп директорлары әртүрлі 
мектеп  шараларына  қатысқан  оқушылар  ата-аналарының  үлесін  көрсетуге  тиіс  еді.  4.3-суретте 
көріп  тұрғанымыздай,  Қазақстанда  әртүрлі  мектеп  шараларына  ЭЫДҰ  елдеріндегі  орта 
көрсеткішпен салыстырғанда көбірек ата-аналар қатысатын сияқты.  
4.3-
сурет
 
Қазақстанда және жалпы ЭЫДҰ бойынша ата
-
аналардың қатысуын қабылдау, 2012
 
 
Ескертпе

Бұл
 
деректер
 
директорлардың
 
алдынғы
 
оқу
 
жылында
 
мектеп
 
шараларына
 
қатысқан
 
ата
-
аналардың
 
үлесі
 
туралы
 
берген
 
ақпаратын
 
көрсетеді.
 

154 
Дереккөз

ЭЫДҰ
  (2013a),  PISA-
2012  нәтижелері:  мектептердің
 
қалай
 
табысты
 
болатыны  (IV
 
том
): 
ресурстар

саясат  және 
тәжірибе
, PISA, 
ЭЫДҰPublishing, Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en

Күшті жақтары 
Мектептерде ынтымақтастық рухы басым 
Мұғалімдердің ынтымақтастық үшін мүмкіндіктері бар 
Қазақстандағы  мектептерде  мұғалімдердің  бір-бірімен  өзара  іс-қимыл  жасауға  мүмкіндігі 
бар.  Қазақстанда  мектеп  аясында  кәсіби  даму  мүмкіндіктерінің  кезеңділігі  мен  қарқындылығы 
елеулі  болып  көрінеді.  Мектеп  аясында  кәсіби  даму  мүмкіндіктері  мектеп  мұқтажын 
қанағаттандыруға  байланысты сабақ беру  тәжірибесін жетілдіруге  мүмкіндік береді.  Мұғалімдер 
өз  әріптестерінің  қандай  даму  мақсаттарын  көздейтінін,  ынтымақтастық  үшін  қандай 
бағыттарының  бар  екенін  (әдістемелік  бірлестіктерде  бірлескен  жұмыс  арқылы)  және  олардың 
бірлескен  әрекеттері  мектептерде  кәсіби  оқу  қауымдастығын  жасауға  ықпал  ететінін  біледі. 
Мұғалімдер  мектептердің  әлеуметтік  активін  толықтыра  отырып,  топта/командада  жұмыс  істеу 
қабілетін  дамытуға  тиіс.  Бұл  үшін  дара  курстар  аз  болады,  тіпті  олар  институционалдық 
қажеттіліктерге  сай  келсе  де;  мектеп  деңгейіндегі  әдіс-тәсілдердің  тиімділігі  көбірек  болуы 
мүмкін.  Финляндия,  Сингапур,  Жапония  және  Канада  тәжірибесі  мектептер  деңгейіндегі 
стратегиялардың  жақсы  мәдениетті  жасай  алатындығын  көрсетеді,  бұл  мәдениет  төңірегінде 
мұғалімдер бір-бірін қолдап, жақсаруға итермелейді, бара-бара қызметшілердің және, демек, білім 
алушылардың барлығы ерте ме, кеш пе үйренеді (Харгривс және Фуллан, 2012). Іс жүзінде жоғары 
тиімді  елдерде,  әдетте,  көңіл  мұғалімдердің  жеке-жеке  дамуына  емес,  ал  мектептің  бүкіл 
педагогикалық  ұжымын  үздіксіз  жетілдіруге  аударылады.  Кейбір  елдерде,  мысалы,  Қытайда 
(Шанхайда)  және  Финляндияда  білімді  және  білім  беру  зерттеулерінің  әдістемелерін  қолдана 
отырып, іс жүзінде сыни көзқараспен өзін-өзі талдау жоғары оқу мекемелерінде, сондай-ақ өзін-өзі 
талдау  тәжірибесінің  «оқшауланған  шеңберін»  жасай  отырып,  мектептерде  іске  асырылады 
(ЭЫДҰ, 2011с).    
Мектептегі басшы функциялары бөлінген және оқу жұмысын басқаруды қамтиды 
Бірнеше қызметкердің  арасында  басшы  міндеттерін  бөлу  туралы  заңнамалық белгіленген 
талап  Қазақстанда  өкілеттіктерді  беру  процесінің  дамуына  жағымды  ықпал  етуі  мүмкін  негізді 
құрайды.  Нормативтік  талаптар  бірнеше  жеке  ресми  басшы  лауазымдарын  көздегенімен, 
стратегиялық және  педагогикалық жетекшілікті бір  уақытта  бір  адам  жүзеге  асыра  алмайды  деп 
мойындайды.  Бұл,  бір  көшбасшыға  негізделетін  басшылық  етудің  дәстүрлі  үлгісімен 
салыстырғанда,  мектептің  жетекші  құрамы  лидерлік  әлеуетті  арттыру  және  мектептің  орнықты 
жақсаруына  жәрдемдесу  үшін  негіз  болып  табылады  деген  көптеген  ғылыми  қорытындыларға 
сәйкес келеді (ЭЫДҰ, 2008; Харрис, 2012). Бірнеше ресми лауазымдардың болуы басшылықтың 
сабақтастығын қамтамасыз етуі мүмкін, бұл Қазақстандағы мектеп директорлары контингентінің 
жастық  құрылымы  аясында  бірнеше  жылдан  кейін  ерекше  маңыздылығы  бар  мәселеге  айналуы 
мүмкін.  
Алайда  іс  жүзінде  мектептерде  басшы  міндеттерін  тарататын  дәреже  және,  тиісінше, 
ұйымдастыру  нәтижелеріне  және  дара  тиімділікке  оң  ықпал  ете  алатын  дәреже  күмән  тудыруы 
мүмкін.  Ресми  және  ресми  емес  талаптар  мектеп  директорларының  мектеп  ішіндегі  барлық 
кадрларды  пайдалану  қабілетін  шектейді,  себебі,  мысалы,  директорлар  басшы  кадрлардың  саны 
мен  функциялары  туралы  шешім  қабылдай  алмайды.  Директордың  міндеттерін  басқа  жетекші 
қызметкерлерге  іс  жүзінде  беру  дәрежесі  әртүрлі  мектептерде  ерекшеленеді  және  әрбір 
директордың  жеке  басқару  әдісіне  тәуелді  болады  (АТО,  2014).  Сарапшылар  белгілеген 
мектептердің  басшы  командаларының  мүшелері  арасында  көзқарастардың  ортақтығы  мен  өзара 
іс-қимыл деңгейі басшы функцияларын берудің деңгейлес құрылымы үстінен иерархиялық үлгінің 
басым болуы туралы куәландырады. 
Сондай-ақ  Қазақстанның  тағы  да  бір  жақсы  жағы  басшылықтың  оқу  жұмысына 
қаншалықты көңіл аударатыны болып табылады. Қазақстанда мектеп директорларына жүктелетін 
көптеген функциялар білім алушылардың үлгерімін арттыруға ықпал ететін оқу жұмысын басқару 

155 
жөніндегі  функциялармен  байланысты.  PISA-2012  зерттеуінің  деректері  көрсеткендей, 
қазақстандық  мектеп  директорларының  айтуынша,  оқу  жұмысын  басқару  қазақстандық 
мектептерде, ЭЫДҰ елдеріндегі орта көрсеткішпен салыстырғанда, кең таралған (4.2-сурет). Білім 
алушылардың  оқу  жетістіктерінің  артуын  табысты  қамтамасыз  ететін  мектеп  басшыларының 
тәжірибесі  жөніндегі  зерттеу  көрсеткендей,  мектеп  басшыларына  ең  басты  қызметке  –  сабақ 
беруге  және  оқытуға  көбірек  назар  аудару  қажет  (Робинсон  және  басқалар,  2008  ж.;  Дей  және 
басқалар, 2009). Көптеген жоғары тиімді жүйелерде мектеп директорлары өз уақытының шамамен 
80% оқуды жақсарту бойынша жұмысқа және мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін дамытуға және 
уәждемеге арнайды, және олардың функциялары мен стимулдары мектепке әкімшілік етуге емес, 
ал оқу жұмысын басқаруға шоғырландырылған (McKinsey, 2010). 
Білім алушылар 9 сыныпқа дейін сыныптан сыныпқа табысты өтеді 
Білім алушылар 10-сыныпқа дейін әртүрлі бағдарламаларға бөлінбейді 
Білім  алушылардың  әртүрлі  білім  беру  бағдарламаларына  бөлінуі  10-сыныпқа  дейін 
жүргізілмейді,  бұл  барлық  білім  алушылардың  9-сыныпты  қоса  алғанда,  бірдей  бағдарлама 
бойынша  оқитынын  білдіреді.  Білім  алушыларды  бөлу  үшін  оңтайлы  кезеңді  бағалау  қиын 
болғанымен,  көптеген  зерттеулер  кіші  жасында  әртүрлі  бағдарламалар  бойынша  оқу  үшін  білім 
алушыларды  іріктеу  әділдікке  зиян  тигізеді  және  жалпы  үлгерімнің  жақсаруына  әкелмейді 
(Славин,  1990;  Ханушек  және  Вусманн,  2005;  Ванде  Верхорст  және  Мийс,  2010).  «Анағұрлым 
жоғары  жетістіктері  бар»  бағдарламалардың  білім  алушылары  оқуда  үздік  жетістіктерін 
көрсеткенімен,  олардың  жетістіктері  «жоғары  жетістіктері  азырақ»  бағдарламалардың  білім 
алушыларының төмен бағаларымен жойылады (Шолфилд, 2010). 
ЭЫДҰ көптеген елдері кешенді білім шараларын енгізді және бағдарламаларға алғаш рет 
бөлу  үшін  жас шамасын көтерді  немесе  оны  білім  беру  процесінің  басқа  кезеңіне,  әдетте  негізгі 
орта білімнің соңына қарай ауыстырды. Ең соңғы реформалардың бірі Польшада өткізілген, онда 
бағдарламаларға  ерте бөліну бір жылға, яғни  15 жасқа ауыстырылды.  Бұл реформа ең нәтижелі 
білім  алушылардың  үлгеріміне  зиян  тигізбей,  білім  алушылар,  әсіресе  кәсіби  бағдарламаларға 
түскен білім алушылар арасында үлгерімінің айтарлықтай жақсаруына әкелді (Вишневски, 2007). 
Саясаттақарастырылғандай,  мектептер  сыныптарды  әртүрлі  әлеуметтік жағдайымен  білім 
алушыларды  және  әртүрлі  қабілеті  бар  білім  алушыларды,  ұлдар  мен  қыздардың  санын  бірдей 
етіп,  жасы  және  оқу  жылы  бойынша  қалыптастыратын  болады.  «Көп  жылғы»  оқудың  («циклді 
жүргізу») бастауыш сыныптардың оқушылары үшін бірқатар артықшылықтары бар. Халықаралық 
әдебиет  көрсеткендей,  «циклді  жүргізу»  оқу  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  сабақтастықты 
қамтамасыз  етеді,  мұғалім  мен  білім  алушылар  бір-біріне  үйренетін  уақытты  қысқартады, 
оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында берік байланыстардың дамуына ықпал етеді, бұл 
білім  алушылардың  оқу  жетістіктерінің  жақсаруына  әкелуі  мүмкін  (Барбер,  2013).  Бұл  әсіресе 
әлеуметтік қауқарсыз отбасылардан шыққан білім алушылар үшін маңызды болса керек.   
Қайталап оқу өте сирек орын алады, және білім алушылардың үлгерімін жақсартуға мүмкіндігі 
бар 
Қазақстанда қайталап оқу өте сирек кезде орын алады. Қайталап оқыту стратегиясы білім 
алушылардың оқуын қолдауға бағытталған, бірақ ол тиімсіз және тым қымбат болып шықты. Оқу 
жылы  бойы  оқудағы  олқылықтарды  еңсеру  үшін  кейбір  қолдау  стратегиялары  іске  асырылуда, 
мысалы, сыныптан тыс түзетуші сабақтар, емтихандарды қайтадан тапсыру және келесі жылдың 
басына дейін қосымша үй жұмысын орындау мүмкіндігінің көмегімен. Дегенмен сарапшылар жиі 
кезде  мектеп  үшін  тікелей  шығыстарға  әкеп  соғатын,  дара  және  қарқын  шаралардың  көмегімен 
білім  алушылардың  сабақта  артта  қалуын  болдырмау  үшін  ерте  қолдаудың  дұрыс 
ұсынылмайтынын айқындады.  
Қазақстанда қайталап оқудың төмен деңгейін қайталап оқудың академиялық пайдалығы аз 
және қысқа мерзімді екенін, ал қаржы шығындары жекелеген адамдар үшін де, қоғам үшін де көп 
екенін  көрсететін  көптеген  әдебиет  көздері  қолдайды  (ЭЫДҰ-дағы  қысқаша  шолу,  2012а). 
Қайталап  оқыған  жылы  оқуда  жақсы  өзгерістер  болуы  мүмкін,  себебі  білім  алушылар  бұрын 

156 
өздері өткен бағдарлама бойынша оқида, бірақ, бұл жақсы өзгерістер әдеттегідей келесі жылдары 
жойылады. Қайталап оқудың ұзақ мерзімді әлеуметтік және академиялық теріс ықпалы бар, себебі 
ол білім алмау не тек негізгі орта білім алу ықтималдығын арттырады. Оған қоса, ол теңсіздікті 
арттырады, себебі әлеуметтік қауқарсыз отбасылардан шыққан білім алушылардың бөлігі жоғары 
ықтималдық  дәрежесімен  оқуда  артта  қалып  қояды  және,  демек,  басқа  оқушылармен 
салыстырғанда,  екінші  жылға  қалады.  Одан  басқа,  білім  алушылар  әдетте  қайтадан  оқуды 
үлгерімін  жақсарту  мүмкіндігі  сияқты  емес,  ал  жеке  жаза  және  әлеуметтік  стигма  сияқты 
қабылдайды  және  әрі  қарай  оқу  үшін  уәждемесін  жоғалтуы  мүмкін.  Мектеп  оқу  жүйелері  үшін 
қайтадан  оқытудың  тікелей  шығыстары  тым  жоғары,  себебі  бұл  қосымша  оқу  жылын  ұсынуды 
және еңбек нарығына бір жылға кеш шығуды білдіреді. Бельгияда, Нидерландыда, Португалияда 
және Испанияда қайтадан оқытудың тікелей шығыстары бастауыш және орта білімге жұмсалатын 
жылдық шығыстардың 8-ден астам % құрайды (ЭЫДҰ, 2014а).  
Мектеп объектілері, жабдық және оқу материалдары кеңінен қолданылады 
Мектеп объектілері мектептердің көбісінде жыл  бойы күнде-күнде кеңінен қолданылады. 
Бірнеше ауысыммен оқу, сыныптан тыс шаралар және жазғы демалыстар мектеп ғимараттарының 
бос  тұратын  уақыты  мүлдем  болмайтынын  білдіреді.  Мектептерді  үлкен  залдармен,  цехтармен, 
спортзалдарымен  және  алаңдармен  (кейде  тіпті  бассейндермен)  жарақтандырудың  кеңестік 
дәстүрі  білім  алушыларға  әртүрлі  нысандарда  қызмет  көрсететін  ұйым  сияқты  мектептің 
маңыздылығын арттырады.    
Ақпараттық-коммуникалық технологиялар (АКТ) сабақ беру және оқу процесінде белсенді 
қолданылады.  Қазақстан  үкіметі  21-ғасырдың  білім  беру  қажеттіліктеріне  сәйкес  ел  мектептерін 
заманауи  цифрлық  ресурстармен  жабдықтау  бойынша  орасан  зор  реформаны  іске  асыруда. 
Электрондық оқу бағдарламасы аясында мектептер  компьютерлік жабдықты және бағдарламалық 
қамсыздандыруды,  интерактивті  сыныптар  үшін  жабдықты  алған  болатын.  Мультимедиялық 
құралдарды,  емтихандық  бағдарламалық  қамсыздандыруды,  энциклопедияларды  және  көптеген 
веб-ресурстарды  қоса  алғанда,  жаңа  цифрлық  ресурстарды  пайдалану  үшін  оқу  бағдарламалары 
қабылдануда.  Осы  Шолуды  даярлау  барысында  сарапшылардың  барған  бірнеше  мектебі 
мақтанышпен  өздерінің  интерактивті  кабинеттерін  (мысалы,  интерактивті  тақтаны)  көрсетіп, 
мұғалімдердің оқу процесінде осы ресурстарды қалай пайдаланатынын айтты.  
Ресми  оқу  уақыты  елеулі  ауытқушылықтарсыз  іске  асырылады  және  көптеген  сыныптан 
тыс шаралармен толықтырылады 
Ресми оқу уақыты елеулі ауытқушылықтарсыз іске асырылады  
Мектептердің  тәуліктің  тиісті  уақытында  білім  алушыларды  оқыту  үшін  болжамды  оқу 
уақытын қамтамасыз етуде бостандығы бар. Егер оқушылар науқас болып сабақтан қалса, олар өз 
мұғалімімен  қосымша  сабақтарға  қатысады.  Оқушылар  да,  мұғалімдер  де,  егер  де  оқушылар 
мектепке  дәлелді  себеппен,  мысалы,  науқас  бойынша  келмей  қалса,  қосымша  сабақтарға  бара 
алатынын  сарапшыларға  айтты.  Кейбір  мектептерде  келмей  қалған  мұғалімдердің  сабақтарын 
ауыстыратын мұғалімдер бар. Олардың болуы сыныптар бойынша пәндерге байланысты болады, 
себебі пән-мұғалімдері аталған мамандық бойынша дипломдары бар пәндерді оқытуда шектелген 
болуы  мүмкін.  Бірнеше  ауысыммен  жұмыс  істейтін  мектептерде  директорлар  сабақ  кестесін 
түзетіп,  қандай  сыныптардың  бірінші,  екінші  немесе  кейбір  жағдайларда,  үшінші  ауысымда 
оқитынын  шеше  алады.  Бұл  директорларға  мұғалімдердің  қалауын  және  білім  алушылардың 
жасын ескеруге мүмкіндік береді. Нормативтік талаптарға сәйкес 1-сыныптың оқушылары бірінші 
ауысымда  оқуға  тиіс,  және,  әдеттегідей,  барлық  бастауыш  сыныптар  бірінші  ауысымда  оқиды, 
бірақ сарапшылар белгілегендей, мектеп деңгейінде ауысым кестесіне қатысты басқа да шешімдер 
қабылданған еді.   
Қазақстанда сабақтар оқушылардың тәртібіне не мұғалімнің болмауына байланысты уақыт 
жоғалтпай, бір тәртіппен өткізіледі. TIMSS-2011 қатысқан мектеп директорларының жауаптарына 
сәйкес,  Қазақстанда,  зерттеуге  қатысқан  барлық  басқа  елдермен  салыстырғанда,  мектептегі 
тәртіппен  байланысты  проблемалардың  ең  төмен  деңгейі  белгіленеді    (Муллис  және  басқалар, 

157 
2012).  4-сынып  оқушыларының  тек  10%  және  8-сынып  оқушыларының  56%  директорлары 
«шамалы»  не  «орташа»  проблемаларының  барын  белгілеген  мектептерде  оқыған,  бұл  барлық 
елдер бойынша орта көрсеткішпен салыстырғанда, тиісінше  40% және 84% құрайды. Сондай-ақ 
PISA-2012 деректері ЭЫДҰ елдеріндегі орта көрсеткішпен салыстырғанда, айтарлықтай төменірек 
оқу уақытын төмендететін жаман тәртібінің ұқсас төмен деңгейін белгіледі (4.4-сурет).  
 4.4-
сурет
 
Қазақстанда сыныпта жаман мінез
-
құлық таныту жиілігі (2012 жыл)
 
 
Ескертпе:  Бұл  сурет  PISA
-
2012  аясында  жоғарыда  көрсетілген  құбылыс  «ешқашан  не  өте  сирек  кезде»  орын  алғаны 
(ақшыл көгілдір) не «кейбір сабақтарда», мысалы, математика сабақтарында орын алғаны (қара көк) туралы жауап берген 
білім алушылардың үлесін бейнелейді. 
 
Дереккөз
: 
ЭЫДҰ, PISA
-
2012 деректері
 
Мұғалімдер  мен  мектеп  басшыларының  арасында  ынтымақтастықтың  басым  рухы 
қолайлы  оқу  ортасымен  бірге  Қазақстан  мектептерінде  жақсы  ахуалдың  жасалуына  әкеледі. 
Мектеп  ахуалы  –  бұл  тым  тиянақсыз  тұжырымдама:  оны  барлығы  мойындайды,  бірақ  өзгерту 
қиын  (Андерсон, 1982). Алайда мектептегі ахуал білім алушылардың арасындағы қатынастармен 
және оқу жетістіктерімен қатты түзетіледі деген жалпы танылған пікір  бар (Коен және басқалар, 
2009).  Соңғы  ғылыми  зерттеулерде  мектеп  ахуалының  төрт  өлшемі  айқындалған,  олар  білім 
алушылардың жетістіктерімен тура пропорционалды түрде байланысты: қатаң оқу мақсаттарында 
көрініс  табатын  оқу  табыстарына  бөлінетін  назар;  барлық  білім  алушылар  үшін  оқу 
бағдарламасын  тиімді  жүзеге  асыратын  мұғалімдер;  жақсы  оқығысы  келетін  оқушылар;  ата-
аналардың қолдауы. Атап айтқанда, қауымдастығы белсенді қатысатын және мұғалімдер арасында 
ынтымақтастығы  зор  мектептер  білім  алушылардың  оқу  жетістіктеріне  ықпал  етеді.  Мектеп 
ахуалының екі басқа өлшемі, ретсіз орта және жиі кезде қатыгез мінез-құлық білім алушылардың 
оқу жетістіктерінің төмендеуіне септігін тигізеді  (Муллис және басқалар, 2012).  
Сыныптан тыс бағдарламалар кеңінен таралған және барлық оқушылар үшін қол жетімді 
Мектептер  және  басқа  да  мамандырылған  мемлекеттік  немесе  жеке  меншік  ұйымдар 
көптеген  міндетті  емес  сыныптан  тыс  бағдарламаларды  ұсынады,  олар  оқушыларға  мектептен 

158 
кейін  оқуға  және  олардың  қызығушылықтарына  қарай  түрлі  іс-шараларға  қатысуға  мүмкіндік 
береді.  Мектептер  бұл  бағдарламаларды  оқушылар  үшін  тегін  ұсынады,  сол  бір  уақытта  жеке 
меншік  ұйымдар  осыған  ұқсас  және  басқа  да  бағдарламаларды  ақылы  негізде  жүзеге  асырады. 
Кейбір  бағдарламалар  өтемақылық  сипатта  болады,  сол  бір  уақытта  басқалары  қабілетті 
оқушыларға бағытталған. Мұғалімдер де оқу пәндері бойынша репетиторлық қызметтер көрсетуі 
мүмкін, репетиторлық қызметтер жеке оқытушылық қызметке жатады және заңмен реттеледі.  
Көптеген  сыныптан  тыс  бағдарламалар  міндетті  оқу  пәндеріне  бағытталған  және 
Қазақстанда жалпы ЭЫДҰ-ның  оқушыларымен  салыстырғанда,  15  жастағы  оқушылардың  көбісі 
негізгі  оқу  пәндері  бойынша  сабақтан  тыс  сабақтарға  қатысады  (4.5-сурет).  Қазақстанның  төрт 
облыстарындағы  9-шы  сынып  оқушыларының  12  000  ата-аналары  қатысқан  2012  жылы 
жүргізілген  зерттеу  репетиторлық  қызметтер  пайдаланудың  жоғары  дәрежесін  көрсетті.  Ана-
аналардың  үштен  бір  бөлігінен  көбісі  олардың  балдары  ҰБТ-ға  дайындалу  кезінде 
репетиторлардың  көмегіне  жүгінетінін  белгіледі.  Репетиторлар,  ең  бастысы,  математика,  физика 
және ағылшын тілі бойынша дайындалуға көмектескен (ҰБСБО, 2012).  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет